Металлургия
Абдыкирова Г.Ж., Танекеева М.Ш., Тойланбай Г.А., Сыдыков А.Е. ТЕХНОГЕНДІ ШИКІЗАТТАН МАРГАНЕЦ КОНЦЕНТРАТЫН АЛУДЫҢ КЕЛЕШЕГІ
Тақырыбы | ТЕХНОГЕНДІ ШИКІЗАТТАН МАРГАНЕЦ КОНЦЕНТРАТЫН АЛУДЫҢ КЕЛЕШЕГІ |
Авторлар | Абдыкирова Г.Ж., Танекеева М.Ш., Тойланбай Г.А., Сыдыков А.Е. |
Авторлар туралы мәлімет | АҚ «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы», флотореагент және байыту зертханасы Алматы Абдыкирова Г.Ж., к.т.н., жетекші ғылыми қызметкер Танекеева М.Ш., ғылыми қызметкер, maira.shaimardan@gmail.com Тойланбай Г.А., жетекші инженер Сыдыков А.Е., инженер |
Реферат | Техногенді марганецқұрамды шикізатты химиялық байытудың күйдірусіз сұлба бойынша жоғары сапалы оксидті фосфорсыз концентрат алынатын әдісі жасалды. Әдіс ұнтақталған шламды гидрохимиялық өңдеумен азот қышқылында ерітінділеп марганецті ерітіндіге өткізу; ерітіндіні темір, фосфор, күкірт, тұздар сияқты кірмелерден тазалау және ерітіндіден марганецті оксидті концентрат түрінде тұндыру арқылы жүзеге асырылады. Шламды азот қышқылы және хлорлы натрий ерітінділерімен ерітінділеудің оңтайлы жағдайлары: HNO3 концентрациясы – 700 г/дм3, температура – 90 оС, Қ:С қатынасы 1:2 және ұзақтылығы 2 сағат. Ерітіндіден марганецті аммоний гидроксидімен ерітінділеп, араластыру және ауалау арқылы тұндырудың оңтайлы параметрлері анықталды: рН 9,5-10,0; температура – 90 ºС, ұзақтылығы – 60 минут, марганецтің тұңбаға өтуі 95 %. Шламды химиялық тұңдыру арқылы өңдеу нәтижесінде марганец концентратының тәжірибелік сынамасы алынды, құрамында 65 % марганец және 0,002 % фосфоры бар алынған концентрат, металлургия өндірісінің барлық талаптарына жауап береді. Рентгенфазалық анализ нәтижелері марганец концентратының кристалдық структурасы гаусманит Mn3O4 екенін көрсетті. Ұсынылған технологиялық сұлба оңай іске асады, әрі экологиялық қауіпсіз және келесідей көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді: шламнан марганецтің концентратқа алынуы – 77-78 %; марганецтің өнімді (продуктивті) ерітіндідегі үлесі – 41-43 г/дм3; ерітіндінің дефосфорлану дәрежесі – 99 %. Алынған марганец концентраттары марганецтің жоғары және фосфордың төмен мөлшерімен ерекшеленеді және ферроқорытпаның барлық түрін балқытуға жарамды. |
Түйін сөздер: | марганецқұрамды шлам, химиялық байыту, ерітінділеу, азотқышқылды ерітінді, ерітіндіні тазалау, тұндыру, термиялық ыдырау, марганец концентраты. |
Библиографический список |
|
Бочевская Е.Г., Абишева З.С., Каршигина З.Б., Турдалиева Б.Д., Квятковсая М.Н.ФОСФОР ӨНДІРІСІНІҢ ҚОЖДАРЫН АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫМЕН ЕРІТІНДІЛЕУ КЕЗІНДЕ СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ
Название | ФОСФОР ӨНДІРІСІНІҢ ҚОЖДАРЫН АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫМЕН ЕРІТІНДІЛЕУ КЕЗІНДЕ СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІ |
Авторы | Бочевская Е.Г., Абишева З.С., Каршигина З.Б., Турдалиева Б.Д., Квятковсая М.Н. |
Информация об авторах | АҚ «Жер туралы ғылымдар металлургия және кен байт орталығы», сирек және шышыранқы элементтер зертханасы, Алматы Бочевская Е.Г., к.т.н., жетекші ғылыми қызметкер elena_bochevskaya@mail.ru Абишева З. С., корр-мүшесі НАН РК, О. Байконуров атындағы тау-кен металлургиялық институтының директоры Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ. Каршигина З.Б., кіші ғылыми қызметкер Турдалиева Б.Д., магистранты ҚазҰТЗУ физикалық әдістерін сарапта зертханасы Квятковсая М.Н., ғылыми қызметкер |
Реферат | Мақалада фосфор өндірісінің қождарынан сирек жер металдарын азот қышқылды ерітіндімен ерітінділеу үрдісінің режимін анықтау нәтижелері келтірілген. Ғылыми-техникалық жарияланымдардан сирек жер металдарын фосфорқұрамды шикізаттан алу үшін негізінен апатитті кендер, оларды өңдегенде алынатын концентраттар немесе аралық өнімдер қолданылатыны анықталды. Зерттеу нәтижелерін өңдеу формальді кинетика теңдеулерін және Пиллинг-Бедвордс (zП-Б) критерияларын қолдана отырып бастапқы жылдамдықтар әдісімен жүргізілді. Графикалық әдіспен ерітінділеу температурасына тәуелді СЖМ-құрамды қосылыстардың азот қышқылды ерітіндісімен әрекеттесу жылдамдығы есептелді. Температураны 60 ºС-дан 90 ºС жоғарылату ∑СЖМ ерітіндіге бөлінуіне әсер етпейтіні көрсетілген, орта есеппен ~ 97 – 98% құрайды. lgw – 1/T логарифм тәуелділігінен белсендірілген активтену энергиясының мәні ~ 2,4 кДж/моль болатыны анықталған. Рентгенфазалық және ИК-спектроскопиялық талдау әдістерін қолдана отырып кектердің фазалық құрамы анықталды. Қожды азот қышқылымен ерітінділеу үрдісі кезінде nSiO2∙mH2O – кремний қышқылының гелі түзілетіні анықталды. Кремнегель шлак бөлшектерін орап алуға әрекет етеді және оларға азот қышқылы ерітіндісінің әрекет ету әсеріне кедергі болады. Алынған зерттеу нәтижелері ерітінділеу үрдісінің ішкі диффузиялық аймақта жүретіндігін дәлелдейді. |
Түйін сөздер: | фосфорлы қож, ерітінділеу, сирек жер металдар, бөліп алу, кек, жылдамдық, активтену энергиясы. |
Библиографический список |
|
Ковзаленко В.А., Садыков Н.М.-К., Манапов И.Ж.КАОЛИН САЗДЫ ФТОР ӘДІСІМЕН ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ КРЕМНИЙ ҚОСЫЛЫСТАРЫН АЛУ
Название | КАОЛИН САЗДЫ ФТОР ӘДІСІМЕН ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ КРЕМНИЙ ҚОСЫЛЫСТАРЫН АЛУ |
Авторы | Ковзаленко В.А., Садыков Н.М.-К., Манапов И.Ж. |
Информация об авторах | АҚ «Жер туралы ғылымдар металлургия және кен байт орталығы», глинозем және алюминий зертханасы, Алматы Ковзаленко В.А., к.т.н., жетекші ғылыми қызметкер, kovza40@mail.ru Садыков Н.М.-К., ғылыми қызметкер Манапов И.Ж., магистраныт, КазҰТЗ |
Реферат | Алдымен аммоний гексафторсиликатын, одан кейін аморфты кремнеземді алу арқылы каолинді сазды фторлы әдіспен өңдеу үрдісі зерттелді. Шикіқұрам аммоний гексафторсиликаты түріндегі газды фазаға және ұшпайтын қатты фторлы қосылыстарға айырылатын каолинді саздың фторлы қосылыс – аммоний гидродифторидімен күйежентектелуі жүзеге асырылды. Күйежентектелу жоғары температуралы электр реакторында жүзеге асырылды. Реактор десублиматормен жалғасқан. Дисублиматордың ішкі бөлігі газдық фазаны жинау, суыту және конденсациялау үшін экранмен екіге бөлінген. Мүмкін болатын реакцияларға және Гиббс энергиясының өзгеруіне термодинамикалық талдау жүргізілді. Термодинамикалық параметрлерді талдау кезінде барлық реакциялар экзотермиялық болатыны белгілі болды. Себебі, онда каолинді саздың негізгі минералдары мен NH4HF2 өзара әрекеттеседі. Фторлау үрдісінің қолайлы технологиялық шарттары анықталды. Олар: күйежентектелу температурасыны сатылы артуы 230 дан 550 °С дейін, үрдіс ұзақтығы – 240 мин, каолин сазының аммоний гидродифторидіне қатынасы 1:2. Аммоний гексафторсиликаты (NH4)2SiF6 түзілетін газдық фазаға кремнийдің бөліну дәрежесі – 98,6 % құрады. Аммоний гексофторсиликатының ерітіндісі аммиактың концентрленген ерітіндісімен әреккеттескенде шығымы 98,9 % болатын аморфты кремнезем тұнбаға түседі. Кристалданған суды шығару үшін, алынған кремний диоксиді 800°С температураға дейін қыздырылады. Нәтижесінде аморфты кремнеземнің сумен байланысының түрі (формасы) – күшті химиялық және координациялық байланыстан және әлсіз адсорбциялық байланысқа дейін өзгереді. Қыздырылғаннан кейін аморфты кремнезем рентгенаморфтық монофаза – β-SiO2 – дисперстік кристобалит түрінде болады. Брунауер – Эммет – Теллер әдісі бойынша меншікті беттік қабаты және аморфты кремнезем бөлшектерінің мөлшерлері анықталды. Жұмыс қорытындысы бойынша БС – 120 маркалы ақ ұнтақ күйе алынды. |
Түйін сөздер: | каолинді саз, аммоний гидродифториді, күйежентектелу, аммоний гексофторсиликаты, аммиак ерітіндісі, аморфты кремнезем. |
Библиографический список |
|
Найманбаев М.А., Лохова Н.Г., Балтабекова Ж.А., Абишева А.Е., Малдыбаев Г.К. ТЫМЛАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ТИТАНМАГНЕТИТТІ КОНЦЕНТРАТЫН ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ РУТИЛ КОНЦЕНТРАТЫН АЛУ
Название | ТЫМЛАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ТИТАНМАГНЕТИТТІ КОНЦЕНТРАТЫН ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ РУТИЛ КОНЦЕНТРАТЫН АЛУ |
Авторы | Найманбаев М.А., Лохова Н.Г., Балтабекова Ж.А., Абишева А.Е., Малдыбаев Г.К. |
Информация об авторах | АҚ «Жер туралы ғылымдар металлургия және кен байту орталығы», титан және сирек металдар зертханасы, Алматы Найманбаев М.А., к.т.н., зертхана меңгерушісі, madali_2011@inbox.ru Лохова Н.Г., аға ғылыми қызметкер Балтабекова Ж.А., ғылыми қызметкер Абишева А.Е., кіші ғылыми қызметкер Малдыбаев Г.К., ҚазҰТЗ докторанты, жетекші қызметкер |
Реферат | Қазақстан Республикасындағы титанды қождар алынатын ильменитті шикізаттың тапшылығынан альтернативті титанқұрамдас шикізатты, титаномагнетитті қарқынды іздестіру қажет болды. Бастапқы құрамы – 30,4 темір және – 10% титан оксидінен тұратын, ал байытқаннан кейін – құрамы Fe-52,4; TiO2 -16,06% титанмагнетитті концентраты алынатын Қарасай кен маңының Шу-Іле су бөлімінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Тымлай кен орны ерекше қызығушылық танытуда. Зерттеу үшін пайдаланылған титан қожы Тымлай кен орнының титанмагнетит концентратынан электрбалқыту арқылы алынған. Титанмагнетитті кен термиялық балқыту арқылы алған қож негізінен алюмосиликаттардан және натрий силикотитанаттардан, кальций және магний титанаттарынан, титанның төменгі оксидтерінен тұрады. Осыған байланысты төментитанды қожды өңдеумен айналысатын зерттеушілердің басты міндеті, оны химиялық байыту. Титан қожының сапасын арттыруда мынандай технологиялық операциялар жүргізілді: қожды натрий гидроксидімен күйежентектеу; суда еритін қоспалардан арылту үшін күйежентекті сумен ертінділеу; қоспалардан тұз қышқылы арқылы тазалау операцияларын азайту үшін, титан қышқылын пирогидролиздеумен үйлестіру; алынған рутилды концентратты (85% TiO2, 7,66% SiO2) натрий гидроксидімен өңдеп кремнийсіздендірілді, нәтижесінде құрамы 91-92% титан оксидінен және 1,72,0% кремний оксидінен тұратын сапа шартына сай рутилді концентраты алынды. Жүргізілген зерттеулер нәтижелерінің негізінде төментитанды қождан сапа шартына сай рутил концентратын алудың технологиялық сұлбасы ұсынылды. |
Түйінді сөздер: | титанмагнетит, титан қожы, химиялық байыту, кремнийсіздендіру, рутил |
Библиографический список |
|
Сарсенбай Г., Ковзаленко В.А., Абдулвалиев Р.А., Садыков Н.М.-К., Имангалиева Л.М. ВАЛЕКСЕЕВ КЕН ОРНЫНЫҢ БАЙЫТЫЛҒАН КАОЛИНИТТІ САЗ БАЛШЫҚ ФРАКЦИЯСЫН ЕРІТІНДІЛЕУ ҮРДІСІНЕ СІЛТІ ЕРІТІНДІСІ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІ
Название | АЛЕКСЕЕВ КЕН ОРНЫНЫҢ БАЙЫТЫЛҒАН КАОЛИНИТТІ САЗ БАЛШЫҚ ФРАКЦИЯСЫН ЕРІТІНДІЛЕУ ҮРДІСІНЕ СІЛТІ ЕРІТІНДІСІ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІ |
Авторы | Сарсенбай Г., Ковзаленко В.А., Абдулвалиев Р.А., Садыков Н.М.-К., Имангалиева Л.М. |
Информация об авторах | АО «Центр наук о Земле, металлургии и обогащения», лаб. глинозема и алюминия, г. Алматы Сарсенбай Г., к.т.н., ғылыми қызметкер, mer-pa@mail.ru Ковзаленко В.А., к.т.н., жетекші ғылыми қызметкер Абдулвалиев Р.А., к.т.н., зертхана менгершіі Садыков Н.М.-К., ғылыми өызметкер Имангалиева Л.М., жетекші инженер |
Реферат | Алексеев кен орнының каолинитті саз балшығына жүргізілген физика-химиялық зерттеу нәтижелері каолинитті саз балшық құм құрамды шикізат тобына тиеселі болып, одан силикатты өнімдер және алюминий оксиді концентратын алуға болатындығы дәлелденді. Жуу тәсілі арқылы каолинитті саз балшық құм және балшық фракциясына ажыратылды. Құм фракциясы монофаза – шынытастан (кварцтан) құралған. Байытылған саз балшық фракциясы 63,2 % каолинит, 21,6 % шынытас және 15,3 % мусковит фазаларын қамтитындығы сараптау нәтижесінен анықталды. Натрий гидроксиді ерітіндісі концентрациясының (([Na2O] – 30-190 г/ дм3) саз балшық фракциясын ерітінділеу үрдісіне әсері зерттелді. Үрдіс температура 90 ºС, ерітінділеу ұзақтығы 60 мин, сұйықтық пен қатты заттың ара қатынасы С : Қ = 10 : 1 болатын жағдайда орындалды. Каолинитті саз балшық құрамынан алынған саз балшық фракциясын ерітінділеу нәтижесі кремний оксиді және алюминий оксидінің ерітіндіге салыстырмалы түрде аз өтетіндігі анықталды. Осы тұрғыдан саз балшық фракциясы 1050°С температура жағдайында 90 минут ұзақтықта күйдіріліп, нәтижеде 75,3 % шынытас, 23,7 % муллит және 0,9 % кристобалитке ыдырады. Рентгенфазалық талдау (анализ) нәтижесіне негізделгенде, онда саз балшықты негізгі құраушы фаза – каолинит (Al2(Si2O5)(OH)4) кремний оксидінің сілтіде ерігіш актив күйіне өзгерсе, ал, алюминий оксиді реакцияға нашар кірісетін муллит (3Al2O3×2SiO2) күйінде тұрақтанады. Күйдірілген саз балшықты ерітінділеуден алынған ерітінді және қоқырды сараптау нәтижесі кремний оксидінің таңдамалы түрде ерітіндіге өту жағдайы Na2O-ның концентрациясы 110 г/дм3 болған кезде байқалатындығын көрсетеді. Сонымен, саз балшық фракциясын алдын ала күйдіруден өткізбей ерітінділеу, кремнеземді таңдамалы түрде ерітіндіге өткізу үшін тиімсіз болып табылады. |
Түйін сөздер: | каолинді саз балшық, кремний оксиді, алюминий оксиді, натрий гидроксидінің ерітіндісі, бөліп алу, ерітінділеу, күйдіру. |
Библиографический список |
|
Смирнов К.М., Крылова О.К., Зайцева А.В., Зюкова Г.А. СИЛИКОМАРГАНЕЦ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОГЕНДІ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ЖОҒАРЫ САПАЛЫ МАРГАНЕЦ КОНЦЕНТРАТТАРЫН ӨНДІРУ ҮШІН ҚАЖЕТ МАРГАНЕЦҚҰРАМДЫ ЕРІТІНДІЛЕРДІ АЛУ
Название | СИЛИКОМАРГАНЕЦ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОГЕНДІ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ЖОҒАРЫ САПАЛЫ МАРГАНЕЦ КОНЦЕНТРАТТАРЫН ӨНДІРУ ҮШІН ҚАЖЕТ МАРГАНЕЦҚҰРАМДЫ ЕРІТІНДІЛЕРДІ АЛУ |
Авторы | Смирнов К.М., Крылова О.К., Зайцева А.В., Зюкова Г.А. |
Информация об авторах | АҚ «Жеткеші химиялық технология ғылыми-зертте интитты»,«Росатом» мемлекеттік корпорацияы , Реей, г. Мәскеу. «Комплексная переработка минерального сырья» бөлімшеі, «Технология выщелачивания и разделительных процессов» Смирнов К. М., к.т.н., бөлімшенің басшыы, smirnov@vniiht.ru Крылова О. К., зертхана башыы Зайцева А. В., аға ғылыми қызметкер Зюкова Г. А. , аға ғылыми қызметкер |
Реферат | Тауарлы марганецті өнімдерді алу мақсатында силикомарганецті өңдегендегі құрғақ газтазалау сүгіштерінің шаңдарын гидрометаллургиялық өңдеу бойынша бейімделген зертханалық зерттеулер жүргізілді. Өндірістің техногенді қалдықтарын қайта өңдеу үшін кендік марганецқұрамды материалды ерітінділеудің әртүрлі әдістерін қолдану мүмкіндіктері көрсетілді. Минералдық құрамы бойынша құрғақ газтазалау сүзгіштерінің шаңдарын марганецқұрамды шикізаттың аралас оксидті-силикатты түріне жатқызуға болады. Шаңдардан марганецқұрамды ерітінділерді алудың оңтайлы жағдайлары табылды: тотықсыздандырғыш ретінде темір сульфаты (II) пайдаланылып, Қ:С қатынасы 1:3 тең болғанда 2 сағат бойы күкіртқышқылдық тотықсыздандыру арқылы ерітінділеу, содан кейін избес сүтімен нейтралдау және қысыммен сүзу. Алынған марганецқұрамды ерітінділерде негізгі компоненттің және қоспалардың мөлшері төмендегідей болады, г/дм3: 64-67 Mn; 1,0-2,0 Feжалпы; 6,9-7,6 Zn; 0,7 Ca; 0,0002 Cu; <0,01 Ni; 0,001 P; 0,03 SiO2. Ерітінділердегі мыстың, никельдің, фосфордың және темірдің мөлшері қанағаттанарлық, ал мырыштың мөлшері көп болады. Мырыштың бөліну дәрежесі ~ 30 %. Сұйық әйнек қолданылып ерітінділеудің ерітінділерін қосымша тазалау әдістері зерттелді. Мырыштың тұну дәрежесі 82 % болатын, оның ерітіндідегі қалдық мөлшері 1,2-1,5 г/дм3 дейін төмендейтін, ал алынған тұздардағы (карбонат және негізгі марганец карбонаты) 1,0-1,2 % дейін төмендейтін режим анықталды. Сонымен аталған құрғақ газтазалау шаңдарын өңдеудің технологиясын жетілдірудің нәтижесінде тауарлы марганецқұрамды өнімдерде мырыштың мөлшері 5-6 есеге азайды. |
Түйін сөздер: | құрғақ газтазалау шаңы, силикомарганец өндірісінің қалдықтары, марганецқұрамды өнімдер, түсті металдар қоспалары, мырыштың тұну дәрежесі, сұйық әйнек. |
Библиографический список |
|
Ультаракова А.А., Найманбаев М.А., Онаев М.И., Малдыбаев Г.К., Алжанбаева Н.Ш. ТӨМЕНТИТАНДЫ ТИТАНОМАГНЕТИТТЕРДІ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРЫП КҮЙДІРУДІҢ ЖӘНЕ МАГНИТТІ АЙЫРУДЫҢ ТИІМДІ ШАРТТАРЫН АНЫҚТАУ
Тақырыбы | ТӨМЕНТИТАНДЫ ТИТАНОМАГНЕТИТТЕРДІ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРЫП КҮЙДІРУДІҢ ЖӘНЕ МАГНИТТІ АЙЫРУДЫҢ ТИІМДІ ШАРТТАРЫН АНЫҚТАУ |
Авторлар | Ультаракова А.А., Найманбаев М.А., Онаев М.И., Малдыбаев Г.К., Алжанбаева Н.Ш. |
Авторлар туралы мәлімет | АҚ «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы», титан және сирек металлдар зерханасы, Алматы Ультаракова А.А ., к.т.н., бас ғылыми қызметкер, ult.alma@mail.ru Найманбаев М.А., к.т.н., зертхана менгерушісі Онаев М.И., к.т.н., жетекші ғылыми қызметкер Малдыбаев Г.К., ҚазУТЗҰ докторанты, жетекші инженер Алжанбаева Н.Ш., жетекші инженер |
Реферат | Темір мен ванадийді металдандырылған фракцияға барынша көп өткізу мақсатында Масальск кен орнының титан магнетиттерін кешенді өңдеуде тотықсыздандырып күйдіру және сулы магнетитті айыру (сепарация) технологиялары негізгі сатылардың біреуі болып табылады. Зерттеу барысында жоғары тотықсыздандырғыш ретінде Шұбаркөл көмірі мен антрацит қолданылды. Масальск титанмагнетитті концентратын Шұбаркөл көмірімен қатты фазалық тотықсыздандырып күйдіру бойынша зерттеулер 600 °С-тан 1400 °С-қа дейінгі температура аралығында жүргізілді, содан кейін -0,1 мм іріліктегі күйіндіге 200 эрстед магнит өрісінде сулы магнитті айыру (сепарациясы) жүргізілді. Күйдіру температурасын 600 °С-тан 1400 °С-қа дейін жоғарылатқанда металдану дәрежесі 2,4-тен 93 %-ға дейін жоғарылады. 1200°С температурадан бастап ірілігі +0,1 мм болатындай металдық фракция пайда болды, ал 1300 °С температурада +0,1 мм фракциясынан 1-2 мм болатындай металл бөлшектері байқалды. ТМК-ны тотықсыздандырып күйдірудегі көрсеткіштерді салыстыру мақсатында 700 °С-тан 1400 °С температура аралығында тотықсыздандырғыш түрінде антрацит қолданылып зерттеулер жүргізілді. Күйіндіні 0,1 мм класқа дейін ұсатқаннан кейін 200 эрстед магниттік өрісінде сулы магнитті айырудан (сепарациядан) өткізілді. Температура жоғарылаған сайын 1,4-тен 95,6 %-ға дейін металдану дәрежесі көтерілді. 1200 °С температурадан бастап ірілігі +0,1 мм болатындай металдық фракция пайда болады, ал 1400 °С температура аралығында +0,1 мм фракциясынан 1-2 мм болатындай металл бөлшектері байқалды. ТМК-ны Шұбаркөл көмірімен және сода қосындысымен 600-1400°С аралығында тотықсыздандырып күйдіру бойынша ұқсас жағдайларда зерттеулер жүргізілді. -0,1 мм кластағы күйінділер сулы магнетитті айырудан (сепарациядан) өткізілді. 600 °С-тан 1400 °С аралығында температураны жоғарылатқанда темірдің металдану дәрежесі 3,8-ден 91,4 %-ға дейін көтеріледі. Масальск ТМК-ның тотықсыздандырып күйдірудің температуралық режимі анықталды: температура 900°С-қа дейін көтеріліп 60 минут бойы ұсталды; температура 1450 °С-қа дейін көтеріліп, 60 минут аралығында ұсталды. ТМК-ны күйдіру үшін шикіқұрамның тиімді құрамы анықталды. Олар: ТМК-77,2 %, антрацит -17,2 %, сода-4 және 1,6 % байланыстырғыш. Сонымен қатар темірдің металдану дәрежесі 98%-ды құрайды. Фракцияларды тиімді бөлу үшін магнитті айырудың (сепарацияның) параметрлерінің бірі – 200 эрстед магнитті өріс кернеулігі болып табылады. |
Түйін сөздер: | титан магнетиті, металдық темір, ванадий, тотықсыздындырып күйдіру, күйінді, магнитті айыру (сепарация). |
Библиографический список |
|
Физика-химиялық зерттеулер
Бурабаева Н.М., Володин В.Н., Требухов С.А., Ерсайынова А.А. СЕЛЕН – КҮКІРТ БАЛҚЫМАЛАРЫНЫҢ БУЛАНУЫ МЕН ПАЙДА БОЛУ ТЕРМОДИНАМИКАСЫ
Название | СЕЛЕН – КҮКІРТ БАЛҚЫМАЛАРЫНЫҢ БУЛАНУЫ МЕН ПАЙДА БОЛУ ТЕРМОДИНАМИКАСЫ |
Авторы | Бурабаева Н.М., Володин В.Н., Требухов С.А., Ерсайынова А.А. |
Информация об авторах | АО «Жер туралы ғылымдар металлургия және кен байт орталығы», вакуумдық үрдістер зертханасы, Алматы Бурабаева Н.М., к.т.н., ғылыми қызметкер, Nuri_eng@mail.ru Володин В.Н., т.ғ.д., физ.-мат. ғылымдарныңы докторы Требухов С.А., к.т.н., зертхана меңгерушісі Ерсайынова А.А., магистраны «ҚазУТЗҰ» |
Реферат | Селен-күкірт жүйесін құрастырушы компоненттердің қаныққан буларының парциалды қысымдарының температуракрнцентрациялық тәуелділіктеріне және олардың сұйық-қойытылған фазадағы белсенділігіне негізделе отырып балқымалардың араласуы мен булануының термодинамикалық функциялары анықталды. Se-S жүйесіндегі күкірттің термодинамикалық белсенділігі, парциалды бу қысымының шамасы балқыма үстіндегі бу қысымы шамасының таза компоненттердің үстіндегі бу қысымы шамаларының өзара қатынастары негізінде алынған. Жүйе идеалды жағдайдан өте көп теріс ауытқушылығымен сипатталады. Барлық концентрация аралығында араласу энтальпиясының парциалды және интегралды өзгерулері теріс, демек сұйық-күкірт ерітінділерінің пайда болуы жылу бөліну арқылы жүреді. Араласудың интегралды энтальпиясының өзгеру қисығындағы минимум -9,67 кДж/моль шамасын құрайды. Балқымалардың пайда болуындағы энтропияның өзгеруі оң және шамасы айтарлықтай емес, максимум 2,01 Дж/(моль·К) сәйкес келеді. Қисықтағы интегралды фунциялардың өзгеру экстримумы Se3S7 құрамына сәйкес келеді, бұл осыған дейін өткізілген масс-спектрометриялық зерттеулердегі мәліметтермен жанасады. Булану энтальпиясының және энтропиясының концентрациялық тәуелділігі күрделі сыртқы пішінге ие, бұл, шамасы, сұйық ерітінділер мен булы фазалардың молекулярлы құрамдарының әртүрлілігімен түсіндіріледі. Анықталған селен-күкірт жүйесіндегі балқымалардың булануы парциалды термодинамикалық функциялардың пайда болуы және интегралды константасы термодинамикалық есептеулерде қолданылуы мүмкін, сонымен қоса физика-химиялық және термодинамикалық шамалардың анықтамалық мәліметтер базасын толықтырады. |
Түйін сөздер: | күкірт, селен, бу қысымы, белсенділік, энтропия, энтальпия, парциалды функциялар, интегралды функциялар, араласу, булану. |
Библиографический список |
|
Злобина Е.В., Пак Л.О. БИНАРЛЫ ЭКСТРАКЦИЯ АРҚЫЛЫ СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫ МЕН СКАНДИЙДІҢ БІРГЕ БӨЛІНУІ
Название | БИНАРЛЫ ЭКСТРАКЦИЯ АРҚЫЛЫ СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫ МЕН СКАНДИЙДІҢ БІРГЕ БӨЛІНУІ |
Авторы | Злобина Е.В., Пак Л.О. |
Информация об авторах | Әль-ФАРАБИ АТНЫДАҒЫ ҚазҰУ, аналитикалық, коллодидттік химия және сирек элементтер зертханасы , Алматы, Злобина Е.В., к.х.н., доцент, аға ғылыми қызметкер «физика-химиялық әдістерді зерттеу және сараптау орталығы», металдарды сараптау зертханасы, zeva65@mail.ru АҚ «Жер туралы ғылымдар металлургия және кен байт орталығы», химия-аналитикалық зертхана Пак Л.О., магистрант, кіші ғылыми қызметкер |
Реферат | Cирек жер металдарды (СЖМ) алу технологиясында негізгі бөлу және концентрлеу әдістері ретінде экстракция қолданылады. Металдарды экстракциялау үшін бинарлы экстрагенттерді қолдану бөлу және таралу коэффициенттерінің өсуіне мүмкіндік береді және реэкстракция үрдісінің жүруін жеңілдетеді. Жұмыста бинарлы экстрагент ретінде – триалкилбензиламмонийдің ди-2этилгексилфосфаты алынды (ТАБАХ – Д2ЭГФҚ). Экстрагенттің алынуы күшті минерал қышқылы – бинарлы экстрагент жүйесіндегі экстракциялық тепе-теңдік зерттеулерімен дәлелденді. Скандийдің, иттрийдің, торийдің және СЖЭ–нің бинарлы экстракциясына әртүрлі факторлардың (азот қышқылының концентрациясы, анион табиғаты, бөгде металдар) әсері зерттелді. Скандийдің, иттрийдің, торийдің және СЖЭ–нің ТАБАХ – Д2ЭГФҚ бинарлы экстрагентімен экстракциясы азот қышқылының 0,01-2М шамасы аралығында қышқыл концентрациясына тәуелді болмайды. Модельді ерітіндіден скандий мен торийдің бөліну дәрежесі 95 % -дан артады, ал Yb 58 %-ды және Er, Y – 30 %, Tb, La, Gd, Eu – 18 %-ды құрайды. Металдардың бірге болуы скандий, иттрий және сирек жер элементтерінің бөліп алу дәрежесіне әсер етпейді. Бинарлы экстрагентпен экстракция мына қатарды құрайды және ол Д2ЭГФҚ катион алмастыру қатарына La, Eu, Gd |
Түйін сөздер: | бинарлы экстракция, сирек жер элементтері, скандий, ди-2-этилгексилфосфор қышқылы, триалкилбензиламмоний хлориді. |
Библиографический список |
|
Материалтану
Ускенбаева А.М., Шамельханова Н.А., Волочко А.Т. ШОЙЫНДАРДЫҢ МОДИФИКАТОРЛАРЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨМІРТЕКТІ НАНОҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ СПЕКТРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Название | ШОЙЫНДАРДЫҢ МОДИФИКАТОРЛАРЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨМІРТЕКТІ НАНОҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ СПЕКТРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕРІ |
Авторы | Ускенбаева А.М., Шамельханова Н.А., Волочко А.Т. |
Информация об авторах | Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті , Өнеркәсіп инженерия институты , Алматы Ускенбаева А.М., PhDдокторантs Шамельханова Н.А., к.т.н., д.п.н., профессорБеларусь Республикасының Ғылыми академиясының Физика-техникалық институты, аморфты және микрокристалды материалдар зертханасы, Беларусия, Минск қаласы.Волочко А.Т., д.т.н., профессор, лаборатрия меңгерушісі |
Реферат | Мақалада әртүрлі наноқұрылымды көміртек түрлерінің (графен, көміртекті нанотүтікше, фуллеренді қара күйе) құрылыстарын спектральді зерттеу қорытындылары келтірілген. Олар графит пен металдық матрицаның қолайлы структуралы сапалы шойын құймаларын алу үшін кешенді түрлендіргіштің құрамына енгізіледі. Шойын түрлендіргіштеріне наноқоспа ретінде қолданылатын зерттеліп отырған көміртекті наноматериалдар жаңа заманғы түрлендіргіштердің қатарына жатады. Олардың қолданылуының себебі, келешегі бар көптеген түрлендіргіштердің құрамына кіретін көміртектің күшті графиттеуші болуында. Бұл түрлендіргіштердің сапасы олардың құрылысы мен дисперстігіне және зиянды қоспалардың құрамына байланысты болады. Осы жұмыста алынған комбинациялық шашырау (КШ) спектроскопиясының мәліметтері зерттеліп отырған наноқұрылымдардың құрылымдық ақаулықтарын сапалы бағалау үшін қажет. Зерттелген материалдардың құрылыстары туралы нақты мәліметтер, оның ішінде атомдардың тербелу сипаттамалары, ол құрылыстардың тәртіптілік және біркелкілік дәрежелері туралы пікір түюге мүмкіндік береді. КШ спектроскопиясының нәтижелері бойынша микродеңгейдегі әртүрлі көміртекті наноқоспалардың біркелкі емес құрылымдармен сипатталатыны және көміртек спектрін құрайтын бұрмаланған ақаулары болатыны расталды. ID/IG арақатысы бойынша құрылымның аз ақауы көміртекті нанотүтікшелерде болатыны анықталды. Алынған sp2 – көміртекті материалдардың ақау туралы ақпараттары нанотүрлендіру механизмін жасағанда маңызды. Бұл механизм көміртек наноқоспаларынан құралған түрлендіргіш балқымасының сіңірілуіне және түзілген жаңа көміртек-көміртек байланыстары есебінен болатын шойынның графиттік фазасының кристалдану орталықтарының көбеюіне байланысты. |
Түйінді сөздер: | нанотүрлендіру, көміртекті наноқұрылымдар, КШ спектроскопиясы, шойын, графен, көміртекті нанотүтіктер, фуллеренді қара күйе. |
Библиографический список |
|
Электрохимиялық үрдістерді зерттеу
Кенжалиев Б.К., Беркинбаева А.Н., Досымбаева З.Д., Шарипов Р.Х., Сулейменов Э.Н. КҮКІРТГРАФИТТІ ЭЛЕКТРОДТЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ҚАЙТАЛАМА ШИКІЗАТТЫ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ЕРІТІНДІЛЕУ ҮРДІСІНДЕГІ СУЛЫ ЕРІТІНДІ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ
Название | КҮКІРТГРАФИТТІ ЭЛЕКТРОДТЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ҚАЙТАЛАМА ШИКІЗАТТЫ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ЕРІТІНДІЛЕУ ҮРДІСІНДЕГІ СУЛЫ ЕРІТІНДІ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ |
Авторы | Кенжалиев Б.К., Беркинбаева А.Н., Досымбаева З.Д., Шарипов Р.Х., Сулейменов Э.Н. |
Информация об авторах | АҚ «Жер туралы ғылымдар металлургия және кен байт орталығы», Алматы Кенжалиев Б.К., д.т.н., профессор, президеныт АҚ АҚ «Қазақстан-Британ техникалық университеті», «Келешегі зор материалдар мен технологиялар» сынама зертханасы, Алматы, Беркинбаева А.Н., к.т.н., аға ғылыми қызметкер, freedom.k@mail.ru Досымбаева З.Д., ғылыми қызметкер Шарипов Р.Х., кіші ғылыми қызметкер, докторант Сулейменов Э.Н., д.т.н., профессор, зертхана меңгерушісінің орын басары |
Реферат | Қазақстан-Британ техникалық университетінде жасалған қосарланған электрохимиялық реакциялар әдісін қолдана отырып қайталама шикізаттан түсті металдарды алу үрдісіне зерттеулер жүргізілді. Күкіртграфитті электродты қолдану арқылы, жезді ерітінділеу барысында бейорганикалық ерітінділер параметрлерінің (pH, электрөткізгіштік, оттегі концентрациясы) өзгеруі зерттелді. Металдық қорытпаны электрохимиялық ерітінділегенде алынған бейорганикалық ерітінділердің физика-химиялық сипаттамалары анықталды. Күкіртграфитті электродты катод күйінде, ал жезді (мыс пен мырыш қорытпасы) анод күйінде пайдаланғанда параметрлердің қалай өзгеретіні көрсетілді. Зерттелетін қорытпаны электрохимиялық ерітінділеу термостаттық ұяшықта жүргізілді. КГЭ құрамы 65% күкірттен және 35% графиттен құралған. Салыстырмалы электрод-хлорлыкүміс электроды болса, көмекші электрод-жез болады. Тәжірибе барысында реакциялық ыдыстағы сілтінің көлемі 0,15дм3 гидроксид натрийін, токтың тығыздығы 100-150 А/м2, араластырудың жылдамдығы 480 айн/мин, шаймалау уақыты 5-6 сағатты құрады. Ерітінділеу ерітіндісіндегі сілтінің бастапқы концентрациясы 0,1М, 0,2М, 0,5М, 1,0 М болады. Рентгенофазалық талдаудың нәтижесі ерітінділеу үрдісінде бастапқы қорытпаны құраушы мыс пен мырыш жеке бөлінетіндігін көрсетті. Ерітінділеу кезінде электродтың потенциалын өзгерту арқылы түрлі металдардың сулы ерітіндіге өтуін реттеуге болатындығы көрсетілді. Ерітіндінің негізгі параметрлерінің өзгеруі тұрақты түрде болмайтындығы, өзгеріс ерітіндіге өткен металл мен күкірттің мөлшеріне байланысты еместігі анықталды және бұл өзгерістерді ерітінді микроқұрылымының компоненттерінің өздігінен электрлік диссоциациясы арқылы түсіндіру мүмкін емес. |
Түйін сөздер | электрохимиялық ерітінділеу, күкіртграфитті электрод, оттегі концентрациясы, ерітіндінің электрөткізгіштігі |
Библиографический список |
|
Килибаева С.К., Яхияева Ж.Е., Агапова Л.Я., Абишева З.С., Алтенова А.Н. КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛДЫ ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДЕН НИКЕЛЬ, РЕНИЙ, ВОЛЬФРАМ ЖӘНЕ МОЛИБДЕН ИОНДАРЫН КАТОДТЫҚ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРУ КИНЕТИКАСЫ
Название | КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛДЫ ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДЕН НИКЕЛЬ, РЕНИЙ, ВОЛЬФРАМ ЖӘНЕ МОЛИБДЕН ИОНДАРЫН КАТОДТЫҚ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРУ КИНЕТИКАСЫ |
Авторы | Килибаева С.К., Яхияева Ж.Е., Агапова Л.Я., Абишева З.С., Алтенова А.Н. |
Информация об авторах | АҚ «Жер туралы ғылымдар металлургия және кен байту орталығы», сирек элементтер зертханасы, Алматы Килибаева С.К., к.т.н., ғылыми қызметкер Яхияева Ж.Е., инженер Агапова Л.Я., д.т.н., доцент, зертхана меңгерушісі, rm.303.imo@mail.ru Абишева З.С., ҚР ҰҒА корр-мүшесі., ҚазҰТЗУ тау-кен металлургиялық институты Алтенова А.Н., жетекші инженер |
Реферат | Мақалада мембранды электролиз жағдайында күкірт қышқылды фторидтік және аммонийлі-сульфаттық электролиттерден Ni, Re, W, және Mo иондарының катодтық тотықсыздану кинетикасының зерттеулер нәтижелері келтірілген. Катодта үрдістің жүру уақытына тәуелді бөлінетін сутегі мөлшерін өлшеумен негізделген волюмометр әдісімен, метал иондарының жеке және олардың қосылыс түрінде катодтық тотықсыздану үрдісінің кинетикасы зерттелді. 20-50 °С температура аралығында метал иондарының жеке және олардың қосылыс түріндегі катодтық тотықсыздану үрдісінің тиімді активтену энергиясы (Етиімді) мен парциалды ток тығыздығының мәндері есептелген. Күкірт қышқылды фторидтік электролиттерде метал мен метал қоспаларының иондарының катодтық тотықсыздану үрдісі диффузиондық (Етиімді 10,0-19,9 кДж/моль) және диффузионды-кинетикалық аймақта (Етиімді 37,4-47,4 кДж/моль) жүретіндігі анықталды. Re, W, Mо және олардың қоспаларының иондарының катодтық тотықсыздану үрдісі, 30-50 оС температура аралығында фторидтік және сульфаттық жай жүретін метал кешендерінің түзілуі немесе катодта оксид тұнбаларының бөлінуі әсерінен қиындайды. Ni, Re, W, Mо және олардың қосылыстарының иондарының катодтық тотықсыздану үрдісі, аммонийлі-сульфаттық күкірт қышқылды электролиттерде 20-40 оС температура аралығында кинетикалық аймақта жүреді (Етиімді 41,6-110,6 кДж/моль). 40-50 оС температура аралығында W иондарының катодтық тотықсыздануының тиімді активтену энергиясының мәні (58,2 кДж/моль) үрдістің кинетикалық сипатта жүретіндігін көрсетеді, ал Ni, Re иондары және барлық металдар қоспаларының иондары үшін катодтық тотықсыздану үрдісі диффузиондық қиындықтармен (Еэф 8,3-33,2 кДж/моль) шектеледі. Олардың катодтық тотықсыздану үрдісінде электролиттің құрамына, катодтық ток тығыздығына байланысты металдардың ток бойынша шығымы (ТШ) анықталған. Металдардың ток бойынша шығымы күкірт-қышқылды фторидтік электролиттерде, күкіртқышқылды аммонийлі-сульфаттық электролиттермен салыстырғанда жоғары. |
Түйін сөздер: | кинетика, никель, рений, вольфрам, молибден, ерітінділер, катодтық тотықсыздану, парциалды ток тығыздығы, ток бойынша шығым, активтену энергиясы. |
Библиографический список |
|
Отқа төзімділікті арттыру
Бирюкова А.А., Тихонова Т.А., Акчулакова С.Т., Вакалова Т.В., Говорова Л.П.АЛЮМОСИЛИКАТТЫ ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕГІ МУЛЛИТТІ КЕРАМИКАНЫҢ СИНТЕЗІ МЕН ҚАСИЕТТЕРІНЕ ФТОРҚҰРАМДЫ ҚОСПАЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Название | АЛЮМОСИЛИКАТТЫ ШИКІЗАТ НЕГІЗІНДЕГІ МУЛЛИТТІ КЕРАМИКАНЫҢ СИНТЕЗІ МЕН ҚАСИЕТТЕРІНЕ ФТОРҚҰРАМДЫ ҚОСПАЛАРДЫҢ ӘСЕРІ |
Авторы | Бирюкова А.А., Тихонова Т.А., Акчулакова С.Т., Вакалова Т.В., Говорова Л.П. |
Информация об авторах | АО «Жер туралы ғылымдар металлургия және кен байт орталығы», металловедение, Алматы Бирюкова А. А., к.т.н., жетекші ғылыми қызметкер, biryuk.silikat@mail.ru Тихонова Т. А., ғылыми қызметкер Акчулакова С.Т., к.т.н., жетекші ғылыми қызметкер, физикалық әдіснама зертханасы Томск политехникалық университеті, наноматериалдар мен силикат технологиялары кафедрасы, Ресей, Томск қаласы Вакалова Т. В., д.т.н., профессор Говорова Л.П., аспирант |
Реферат | Арқалықтың отқа төзімді саздарының және Краснооктябрьск кен орындарының бокситтерінің химиялық – минерологиялық құрамы зерттелді. Негізгі жыныс түзгіш минерал – Арқалықтың сазы каолинит, оны 1200-1500 0С аралығында термиялық өңдегенде муллит пен кристобалитке түрленеді. Краснооктябрьск боситтерінің негізгі минералдары – гиббсит, қоспаларда каолинит және темір оксидтері гематит түрінде кездеседі. 1150-1400 0С аралығында бокситтерді термиялық өңдегенде корунд (Al2O3) муллит (3Al2O3 2SiO2) герцинит (FeOAl2O3) және муллиттегі темірдің қатты ерітіндісі түзіледі. Қазақстанның алюмосиликатты шикізаты негізіндегі муллитті керамикаларды синтездеу үрдісіне, күйежентектелуіне, құрылысының орнығуына құрамында фторы бар қосылыстардың MgF2, NH4FHF, CaF2 әсері зерттелді. Қоспасыз композиттерде муллит 1350-1450 0С аралығында қарқынды түзілетіні, ал фторқұрамды қоспаларының қатысуында 1250-1400 0С температурада түзілетіні анықталды. MgF2, NH4FHF, CaF2 қоспалары отқа төзімді саздар мен бокситтер негізіндегі алюмосиликатты керамикаларды синтездегенде муллиттер құрамының 58-67 %-дан 78-85 %-ға дейін артуына ықпал ететіні анықталды. Фторқұрамды қоспалардың күйежентектелу үрдісін белсендіретіні және Арқалық сазы мен боскиттері негізіндегі алюмосиликатты композицияларды нығайтатыны көрсетілді. қосылыстардың қоспалары алюмосиликатты керамикалардың суды сіңіруін 5 %-дан 0,5-2 %-ға дейін төмендеуіне және қысуға беріктігін 58 МПа-дан 65-86 МПа-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. |
Түйін сөздер: | балшық, боксит, каолинит, гиббсит, синтез, фаза, минералдаушы қоспа, күйежентектелу, суды сіңіру, құрылыс, беріктік. |
Библиографический список |
|
Өнеркәсіп қалдықтарын пайдалану
Коган В.С., Райхман Г.О. ЭЛЕКТРОНДЫ ЖИЫНДЫНЫ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН ӨНІМНЕН МЫСТЫ, ҚАЛАЙЫНЫ ЖӘНЕ КҮМІСТІ ГИДРОМЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ БӨЛІП АЛУ
Название | ЭЛЕКТРОНДЫ ЖИЫНДЫНЫ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН ӨНІМНЕН МЫСТЫ, ҚАЛАЙЫНЫ ЖӘНЕ КҮМІСТІ ГИДРОМЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ БӨЛІП АЛУ |
Авторы | Коган В.С., Райхман Г.О. |
Информация об авторах | Компаниясы All Trade Recycling Ltd, research division, Петах Тиква, Израиль Коган В.С., к.х.н., Компанияның зерттеу топтамасының басшысы, Vladimir@atrecycling.com Райхман Г.О., компнаияның ген. директоры |
Реферат | Электронды жиындының жеңіл фракциясынан қалайы, мыс және күмісті ерітінділеудің термодинамикасы мен кинетикасы зерттелген. Кинетикалық үрдіс, қалайықұрамды дәнекер бөлшектерінің ішіндегі гидроксоний иондарының (H3O+) және реакциялық қойыртпақтан қалайыны қатты материал қуыстықтарынан қышқылдық еріткендегі газтәріздес (H2) өнімнің араласуымен (диффузиясымен), шектелген (лимиттелген). Қойыртпақтағы Cl2 сияқты күшті тотықтырғыштың генерациясы мыс пен күмістегі анодтық үрдістердің жылдамдығын арттырады. AgCl2- |
Түйін сөздер: | біріктірілген физика-механикалық технологиялар, электрондық жиынды, гидрометаллургия, термодинамика, кинетика, ерітінділеу, мыс, қалайы, күміс, сұйықтық экстракция. |
Библиографический список |
|