Мақалаларға қойылатын талаптар


Мақалалар ағылшын тілінде 2024 жылдың қазан айының соңына дейін авторларға арналған ережелер үлгісіне сәйкес өңделетін Word редакциясында қабылданады. Түпнұсқалық мақалаңызды жібермес бұрын, авторларға арналған ережелерді оқып, үлгідегі мәтінді ауыстырғаныңыз жөн. Сонымен қатар, плагиат туралы есеп ұсынылуы тиіс. Плагиатқа қарсы бірегейлік кем дегенде 80% болуы керек. Мақала мәтіні WORD форматында, парақ форматы А4, Calibri шрифтінде, 11 кегльде, 1 интервалда, шеттері – барлығы 2,0 см, шегініс – 1,25 см, туралау – ені бойынша терілуі керек. Барлық мақалалар ашық түрде жарияланады.

Конференция материалдарын Интернетте жариялау үшін есептің әрбір авторының он алты таңбалы ORCID кодын көрсету керек. Бұл код болмаған жағдайда www.orcid.org веб-сайтында тіркелу керек, тіркеу 1 минутқа созылады.

Ұйымдастыру комитеті талаптарға сай келмейтін мақалаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады. Мақала мазмұнына авторлар жауапты.


Қолдаушылар


Контактілер