Тақырыбы: Алтынды үйінді шаймалау кезінде кенді сутегінің асқын тотығымен өңдеу
Авторлар: Есенғараев Е. Қ., Сүрімбаев Б. Н., Баимбетов Б. С., Мамяченков С. В., Қаналы Т. С.
Түйіндеме: Өткен ғасырда көптеген проблемалар алтынды шаймалаудың жылдамдығының төмен болуымен байланысты болды, ал кейіннен алтынды ерітінділеуді қарқындату әдістері жасалды. Осы әдістердің ішінде алтынды шаймалауды тездету үшін сутегі асқын тотығын қолданатын әдіс бар. Шаймалау процесін қарқындату мақсатында, сутегінің асқын тотығын қолдана отырып, кеннен алтынды цианидтік шаймалау арқылы алу көрсеткіштері зерттелді. Бұл жұмыста Сары-Гунай (Иран) кенорынның алтынқұрамды кендерін сынама-гравиметриялық, химиялық, минералогиялық талдауларының нәтижелері ұсынылған. Сульфидтегі күкірттің мөлшері бойынша кен аз сульфидті санатқа, ал күкірттің тотығу дәрежесі бойынша (50,70%) – тотыққан кендер санатына жатады. Кен компоненттерінің сутегі асқын тотығымен мүмкін болатын реакцияларына термодинамикалық талдау жүргізілді. Алтынды цианидтік шаймалау арқылы алу бойынша жүргізілген зертханалық зерттеулер көрсеткендей, сутегі асқын тотығының концентрациясы 0,5% болған кезде алтынның ең жоғары бөлінуі 52,92%-ды құрайды, реагентті қолданбаған кезде алтынның бөлінуі 52,03% болады. Сутегі асқын тотығымен (H2O2–0,5%) өңдеген және өңдемеген кездегі зертханалық және бағаналық сынақ көрсеткіштеріне салыстыру жүргізілді. Алтынды үйінді шаймалау кезінде кенді сутегі асқын тотығымен өңдесе алтынның алынуы 1,2%-ға артады, яғни 55,89%-ды құрайды, ал өңдемеген жағдайда 54,69%-ды құрайды. Бұл кезде натрий цианидінің шығыны 0,04 кг/т-ға артады.
Түйін сөздер: алтынды үйінді шаймалау, үйінді шаймалау процесін қарқындату, алтынды шаймалау, сутегінің асқын тотығы, тотықтырғыш, алтын.
Тақырыбы: Мұнай құбырының тоқтауы мен қайта қосылуын модельдеу
Авторлар: Бекібаев Т. Т., Жапбасбаев Ұ. Қ., Рамазанова Г. І., Мингхат А. Д., Босинов Д. Ж.
Түйіндеме: Бұл мақала «Жетібай-Өзен» ыстық мұнай құбыры учаскесінің мысалында құбыр жұмысын тоқтату және қайта іске қосудың стационарлық емес процестерін модельдеуге арналған. Жылу-гидравликалық есептеудің математикалық моделі тасымалданатын мұнайдың реологиялық қасиеттерін ескере отырып берілген. Бұл есептеулер жұмыстың авторлары әзірлеген SmartTran бағдарламалық жасақтаманың арнайы модулімен орындалды. Есептеу нәтижелері құбырдың салқындауы кезінде мұнай температурасының уақыт бойынша төмендеуі және қайта іске қосылғаннан кейінгі құбырдағы мұнайдың қысымы, температурасы және жылдамдығы анықталды. Сондай-ақ, құбыр бөлігін қысқа аялдамадан соң қайта іске қосуға қажет сорғы қондырғыларының, қыздыру пештерінің пайдаланатын энергия қуаты бойынша нәтижелер алынды. Мұнай құбырының жұмысы тоқтағаннан кейін оның салқындауы және қайта іске қосу процестерін модельдеу мұнай айдау бекеттеріндегі сорғы қондырғыларының оңтайлы жұмыс режимдерін және құбырдың қауіпсіз тоқтау уақытын анықтауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: Түйін сөздер: мұнай құбыры, тасымалдау, тоқтату, қайта іске қосу, модельдеу, бағдарламалық жасақтама модулі.
Тақырыбы: Алтын шығаратын фабриканың кендерінен алтын алудың биогидрометаллургиялық технологиясы
Авторлар: Қойжанова А. Қ., Седельникова Г. В., Ерденова М. Б., Беркінбаева А. Н., Камалов Э. М.
Түйіндеме: Мақалада сульфидті минералдарды тотықтыруға қабілетті, белгілі бір штаммы бар (Acidithiobacillus ferrooxidans) тионды бактерияларын пайдалана отырып, минералды шикізатты биохимиялық ашу режимдерін зерттеу нәтижелері берілген. Минералды шикізаттың шағын сынамасы алынды және оған физикалық-химиялық зерттеулер жүргізілді. Минералды шикізатты әртүрлі факторларға (температура, (Қ:С) негізделген биохимиялық еріткіштермен шаймалаудың оңтайлы шарттары анықталды. Зерттеу барысында талдаудың заманауи физикалық және химиялық әдістері: рентгенфлуоресценттік, рентгенфазалық, минералогиялық, электронды-зондтық, химиялық талдаулар, кендердің фазалық құрамын және минералдардың құрылымында болып жатқан өзгерістерді зерттеудің ИҚС әдістері қолданылды. Ірілігі -0,074 мм-ге дейін ұсақталған кен сынамасының химиялық құрамы мынадай, мас. %: SiO2 - 60,11; Al2O3 - 6,2; Zn - 0,016; Cu 0,10; Fe - 2,5; S – 0,50; Au - 3,67 г/т және Ag - 3,2 г/т. Бұл жұмыста алдын ала қышқылмен жуу, бактериялық ашу және минералдарды натрий гипохлоритімен тотықтырып ыдырату арқылы агитациялық шаймалаудың әртүрлі нұсқалары қарастырылады. Алынған нәтижелер алтынды алу көлемін арттырудың ең тиімдісі сыналатын сынаманың заттық құрамына алдын ала бейімделген (At. ferrooxidans) ацидофильді бактерияларын қолданып кенді бактериялық тотықтыру екендігін көрсетті. Содан кейін барып ерітіндіні натрий гипохлориті ерітіндісімен өңдеу және циандау керек. Кенді биогидрометаллургиялық өңдеу алтынды жоғары мөлшерде бөліп алуды қамтамасыз етеді (78,1 %).
Түйін сөздер: кен, алтын, биохимиялық шаймалау, At. ferrooxidans, натрий гипохлориті, циандау.
Тақырыбы: Түйіршіктелген магнезиалды композициялар
Түйіндеме: Мақалада магнезия композицияларынан алынатын түйіршікті материалдарды зерттеу нәтижелері келтірілген. Композицияларды алу үшін әр түрлі толтырғыштар қолданылды: ағаш үгінділері, бидай қауызы, резеңке және тығын қоқымдары, күлді микросфералар. Тегістеу арқылы түйіршіктер алуды қамтамасыз ететін қалыптастырушы қоспаларының дайындау әдістері анықталды. Технологиялық процестің әртүрлі кезеңдерінде түйіршіктердің беріктігіне әсер ететін факторлар анықталды. Әр түрлі толтырғыштарды біріктіру, газ түзгішті енгізу арқылы магнезиалды түйіршіктелген материалдардың тығыздығын азайту әдістері ұсынылды. Каустикалық магнезитті қолдану түйіршіктерде толтырғыш бөлшектердің сенімді байланысуын қамтамасыз етеді. Магнезия байланыстырғыштарының гидрат түзу ерекшеліктері өңделмеген түйіршіктерді төмен температурада өңдеуге мүмкіндік береді. Кеуекті түйіршіктердің қатаюын тездету үшін тұзды еріткіштің температурасын жоғарылатудың пайдалылығы көрсетілген. Сусымалы тығыздығы 400 – 500 кг/м3 магнезиалды түйіршіктер алынды. Бұл жұмыс жеңіл бетон үшін қажетті күйдірілмеген түйіршікті толтырғыштардың ресурс үнемдеу технологиясын жасауға бағытталған.
Түйін сөздер: Каустикалық магнезит, толтырғыш, композиция, түйіршіктер, кеуекті құрылым.
Тақырыбы: Жер асты суларының жоғары қысымды сипаттағы жағдайында ерітіндіні қабылдау және тарату қондырғысының сызбасын (схемасын) жаңарту
Авторлар: Алиев С.Б., Омарбеков Е.У.
Түйіндеме: Бұл жұмыста жер асты суларының жоғары қысымды сипаттағы жағдайында уран кен орындарын игеру тәжірибесі талданған, «сорғы ұңғымалары» технологиясы және ерітіндіні қабылдау және тарату қондырғысын жаңарту (модернизациялау) сызбасы ұсынылған. «Қаратау» кенішінде ұңғымаларды жерасты шаймалау әдісімен уран кен орындарын игеру кезінде «сорғы ұңғымаларын» қолдануды эксперименттік зерттеу нәтижелері келтірілген. Ұсынылған технология мен сызбаны жер асты суларының жоғары қысымды сипаттағы жағдайында қолданған кезде кабель өнімдерін сатып алуға кететін шығындар азаятындығы, су асты сорғыларын сатып алуға кететін шығындар едәуір азаятындығы және ұңғыма басына жұмсалатын қаражат үнемделетіндігі дәлелденді. Тәжірибеде бір технологиялық блокта бір ғана қабылдау және тарату қондырғысы болады, сондықтан барлық айдау ұңғымаларына шаймалау ерітіндісі бірдей қышқылдықта беріледі. Осындай жағдайларды болдырмау үшін іріктеп қышқылды әр түрлі концентрациялармен pH көрсеткішіне байланысты беру қажет. Қабылдау және тарату қондырғысының жаңартылған сызбасы екі байпасты линияларды бір-біріне жалғау арқылы іске асты, ондағы бір байпас линиясы айдау ұңғымаларын сорғыш ұңғымаларына ауыстыру үшін, ал екіншісі сорғыш ұңғымаларын айдау ұңғымаларына ауыстыруға арналған. Екі байпас линияларын қосу арқылы шаймалаушы ерітіндіні жоғары концентрацияланған қышқылмен кез келген айдау ұңғымасына іріктемелі түрде жіберуге болады. Нәтижесінде қышқылдың шығыны азаяды және pH көрсеткіші барлық сорғыш ұңғымаларында теңгеріледі.
Түйін сөздер: жерасты шаймалау, жоғары қысымды сипат, «сорғы ұңғымалары», рН көрсеткіші.
Тақырыбы: Қара металдардың шыбық сынықтарын қайта өңдеу бойынша жаңа технологиялық шешім - радиалды-жылжымалы жұқарту (прокаттау) туралы
Авторлар: Лежнев С. Н., Найзабеков А. Б., Волокитина И. Е., Панин Е. А., Кульдеев Е. И.
Түйіндеме: Қара және түсті металдардың қалдықтарын қайта өңдеу кез-келген елдің экономикасы үшін пайдалы үдеріс болып табылады. Бұл жұмыста қара металдардың шыбық сынықтарын радиалды-жылжымалы жұқарту орнақтарында прокаттау арқылы ультра түйіршікті градиент құрылымы бар шыбықтар түрінде тауарлы өнім алынатын қайта өңдеудің жаңа технологиясы ұсынылған. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, 18Г2С маркалы болаттан жасалған арматураның бөліктері түріндегі шыбықтарды радиалды-жылжымалы жұқарту орнағында деформациялау, градиентті ультра ұсақ түйіршікті құрылымды алуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде болаттың осы маркасының механикалық сипаттамаларының өсуіне әкеледі. Сонымен, 18Г2С маркалы болатты радиалды жылжымалы орнағында деформациялағанда болаттың беріктік шегі 620 МПа құрады (бастапқы мәні 365 МПа).
Түйін сөздер: Қайта өңдеу (рециклинг), қара металдардың шыбық сынықтары, арматура, радиалды-жылжымалы жұқарту, микроқұрылым, механикалық қасиеттері.
Тақырыбы: Тұтқырлықты төмендету және мұнайдың шығымын арттыру үшін қабатқа физикалық әсер етуді қолдану тиімділігі
Авторлар: Молдабаева Г.Ж. , Сулейменова Р. Т. , Агзамов А. Х., Абилева С. Ж., Балуанов Б. А., Каримова А. С.
Түйіндеме: Бұл мақалада Батыс Қазақстандағы кен орындарының бірінде өнімді қабатқа физикалық әсер ету тиімділігінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері қарастырылған. Өнімді қабатқа физикалық әсер етуді ынталандыру технологиясын қолданудың әлемдік тәжірибесі жоғары технологиялық тиімділікті көрсетеді. Сондай-ақ, мұнай өндіруді оңтайландыру мақсатында физикалық әсер ету нәтижесінде мұнай тұтқырлығының өзгеруі, мұнай өндірісінің артуы және суланудың азаюы айтылады. Борлы горизонттар жақсы қабаттық қасиеттерге ие, алайда мұнайдың тұтқырлығы жоғары және горизонттарды құрайтын жыныстардың нашар цементтелген жағдайына байланысты өнімнің толық шығу қарқынына мүмкіндік бермейді. Мұнай-су жүйесіндегі фазалық өткізгіштікті стационарлық фильтрацияны анықтау зертханалық жағдайда жүргізілді. Мұнай өндіруді оңтайландыру мақсатында жүргізілген есептеулерге сәйкес, физикалық әсер ету нәтижесінде мұнай тұтқырлығы 430 cПз мәніне және 700 cПз-ден өзгеріп, мәні екі есеге жуық қысқарды. Бұндайда мұнай өндірудің ұлғаюы және өнімнің сулануы азаю байқалады.
Түйін сөздер: Физикалық әсер, тұтқырлық, мұнайды алу коэффициенті, техникалық-экономикалық тиімділік, физикалық әсер ету технологиясы, геологиялық-техникалық шаралар.
Тақырыбы: Кластерлік құрылымдарды еріту механизмін түсіндіру және балқытылған күйдің физика-химиялық табиғатына әсер етуі
Түйіндеме: Кластерлік құрылымдардың еру механизмі және олардың балқытылған күйдің физика-химиялық табиғатына әсер етуін қолдану арқылы металл балқытпалардың құрылымын және геометриялық параметрлерін зерделеу негізінде олардың табиғатын нақтылау зерттеулердің негізгі мақсаты болып табылады. Мақалада әртүрлі құрылымдық топтардың жартылай металл балқытпалары мен жартылай өткізгіштерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Бете торының мысалында кластерлердегі құрылымдардың бұзылуы модельденген және оның негізінде наноқабаттары түріндегі металл балқытпаларының қасиеттері негізделген. Атомдардың орналасуы әр түрлі атомдардың өзара әсерлесу потенциалы арқылы сипатталады, және де тордағы атомдардың тек аз саны ғана қарастырылады. Берілген тұжырымдаманы пайдаланып, квазитор энергиясының орташа мәні есептелген. Электрондық балқытпалардағы сығылғыштық политермалары түрлерінің алуан түрлілігі типтендіруді талап етеді, әтпесе оларды талдау балқытпалардағы созылған объектілердің еру және агрегация процестерінің механизмін түсіндіруге мүмкіндік береді. Мақалада кластерлік құрылымдарды еріту процесінің механизмін және олардың балқытылған күйдің физика-химиялық сипатына әсерін түсіндіруге мүмкіндік беретін формулалар келтірілген. Кластерлерді ұсақтау процесі қарастырылады. Ұсақтау кезінде кластерлердің аса ірі жарқыншақтары түзіледі де, бұл сығылғыштықтың аса жылдам төмендеуіне әкеледі және экстремумнан өткеннен соң ғана жылумен босатылатындықтан ұлғая бастайды. Сығылғыштықтың температуралық тәуелділігінде экстремумға зерттеу температура жоғарылағанда балқытпалардағы кластерлердің ыдырау механизмдерінің және керісінше балқу температурасына дейін төмендегенде агрегацияға ауысу процесін көрсетеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы түсті және қара металлургияда қолданылатын технологияларды әзірлеу үшін ғылыми негізделген алғышарттарды құру, термодинамикалық модельді жасауға және балқытылған күйдің химиялық активтілігін болжауды дамытуға көмектесу болып табылады
Түйін сөздер: Жұптық потенциалдар, атомдардың үлестірім функциясы, жартылай өткізгіштік, функционал тығыздығы, атомдар, молекулалық динамика, кластерлік құрылым.
Тақырыбы: Топырақты қорғау проблемасының қазіргі жағдайы мен гумин қышқылдарын қолдану перспективасы
Түйіндеме: Мақалада топырақ жамылғысын қорғау мәселелері бойынша әдебиеттерге шолу жасалды. Бүгінгі күні, топырақтың деградациясы мен эрозиясына алып келетін әр түрлі сипаттағы техногендік қалдықтармен литосфераның қатты ластануы кезеңінде, топырақтардың физикалық, химиялық, гидрологиялық, агрономиялық және басқа қасиеттерін жақсарту шараларында табиғи зияны аз шикізатқа артықшылық берілу керек. Оларға гумин қышқылдары (ГҚ) және олардың туындылары жатады. Олар жақсы адсорбенттер, тұрақтандырғыштар және дисперсті жүйелердің бекітушілері болып табылады. Гумин қышқылдарының әртүрлі суда еритін полимерлермен және БАЗ-мен түзілетін композицияларын зерттеу тағы бір толық зерттелмеген бағыт. Қазақстандық ғалымдардың еңбектеріне жасалған шолу - гумин қышқылдарының алынуы, ГҚ-ң полимерлермен және беттік активті заттармен интерполимерлі комплекстерді (ИПК) түзуі, сонымен қатар оларды жел мен су эрозиясына ұшырайтын топырақтардың бекіткіші, құрылым түзушісі ретінде қолдану сияқты бағыттардың дамымағандығын көрсетеді. Гумин қышқылдарының қайнар көзі болып табылатын республикада көмірдің үлкен қорына ие бола отырып, ГҚ-рын алу, олардың негізінде ИПК алу және еліміздегі деградацияланған топырақтарды жақсарту үшін қолданылатын жаңа құрылымдарды алу бойынша кешенді зерттеулерді жүргізілмесе, оны кешіруге болмайды.
Түйін сөздер: топырақ, құрылымның түзілуі, дисперсті жүйе, топырақ эрозиясы, гумин қышқылы, интерполимер кешені.
Тақырыбы: Қорғасын-қалайы қорытпаларының түзілуі мен булануының термодинамикасы
Авторлар: Требухов С. А., Володин В. Н., Уланова О. В., Ниценко А. В., Бурабаева Н. М.
Түйіндеме: Құрамындағы ұшатын құраушыларының (компоненттерінің) булану процесінен тұратын әдістермен қорғасын-қалайы жүйесін термодинамикалық зерттеулерге бірнеше жұмыстар ғана арналған. Қос жүйені дистилляция әдісімен металдарға бөлгенде, ұшатын компонент қорытпадан шығарылады және аз ұшатын компонент төменгі қалдықта жиналады, яғни қорытпа құрамы бүкіл концентрация ауқымында өзгереді. Бу фазасының сапасын аз ұшқыш компоненттің мөлшері бойынша бағалау үшін балқыманың және будың қатар жүретін өрістерінің күй диаграммасындағы шекаралық орнын, әсіресе ұшпайтын металдармен байытылмаған ерітінділер үшін орналасуын, білу қажет. Осыған байланысты қорғасын-қалайы балқымаларының пайда болуы мен булануының термодинамикалық функцияларының мәндерін нақтылау мақсатында зерттеу жүргізілді, олар күй диаграммасындағы сұйықтық пен будың бірге болатын жағдайдағы өрістерінің шекараларын есептеу үшін қажет тепе-теңдік жағдайында бу фазасындағы аз ұшқыш компоненттің мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Күй диаграммасының негізінен қорғасын орналасқан жағындағы қорытпалар үшін қайнау температурасы әдісімен (изотермиялық нұсқа) анықталған қорғасынның қаныққан бу қысымының мәндеріне сүйене отырып, қорғасынның термодинамикалық белсенділігі есептелді және Даркен ұсынған алмастыруды қолданатын Гиббс-Дюхем теңдеуін сандық интегралдау арқылы қалайының термодинамикалық белсенділігі мен қаныққан бу қысымы есептелді. Осылайша алынған термодинамикалық тұрақтылар физикалық-химиялық мәліметтерді толықтырады және фазалық диаграмма бойынша бу-сұйықтық тепе-теңдік өрістерінің шекараларын есептеу үшін пайдаланылатын болады, бұл металдарды дистилляциялық бөлудің мүмкіндіктері мен толықтығын анықтауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: Қорғасын, қалайы, қорытпа, бу қысымы, термодинамика, пайда болу, араласу, булану, парциальді және интегралды шамалары, энтропия, энтальпия.
Тақырыбы: Құрамына балшық қосылған суықтай қататын қоспаның термотұрақтылығын зерттеу
Авторлар: Алина А. А., Куликов В. Ю., Ковалев П. В., Достаева А. М.
Түйіндеме: Мақалада суықтай қататын қоспаларға (СҚҚ) балшық қосу арқылы ыстыққа төзімділігін зерттеу нәтижелері талданады. Мақалада әртүрлі әдістермен алынған СҚҚ үлгілерінің қасиеттерін тәжірибелік зертханалық зерттеудің нәтижелері келтірілген. Технологияның ғылыми жаңалығы - суықтай қататын қоспалар арқылы алынатын құймалардың беттік сапасының жоғары болуын, құймаларда газ көпіршіктері болмауын қамтамасыз ететіндігінде. Жоғары сапалы ақаусыз құю өндірісіне үлес қосатын қалып дайындауға арналған композиция мен технологиялық параметрлерді таңдау олардың құнын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді, бұл біздің еліміздің экономикасына оң әсер етеді. Тығыздықтың уақыт бойынша қолданылатын күшке байланысты өзгеруі бірқатар тәжірибелерде зерттелген. Қоспаның тығыздығы дисперсті ортаның пайда болуының барлық кезеңінде әр отыз секунд сайын анықталды. Бұл тәжірибелер қабықтың пайда болуының басында оның тығыздығы едәуір арта түсетіндігін көрсетті. Полимерлердің термиялық тұрақтылығы туралы жұмыстарда циклдік, кеңістікте өзара байланысқан полимерлердің термиялық ыдырау және карбонизациялаудың жалпы заңдылықтары зерттеліп, жойылу кинетикасы, газ тәріздес өнімдердің құрамы, түзілген кокстың мөлшері және оның қасиеттерінің бастапқы полимерлердің қасиеттеріне - молекулалық тізбектердің өзара байланысу дәрежесіне, химиялық құрылымына, катализатор қоспаларының болуына және басқа да қатаю жағдайларына, сонымен қатар қыздыру жағдайларына - жылдамдық пен температураға байланыстылығы көрсетілді.. Бұл тәжірибелер қабықтың пайда болуының басында оның тығыздығы едәуір арта түсетіндігін көрсетті. Мақалада зерттеудің кейбір нәтижелері жинақталып, бұл жұқа қабырғалы болат құймалар үшін келесі қоспаның: толтырғыш - кварц құмы; байланыстырушы - қазақстандық кен орнының балшықтары, эпоксидті шайыр, қатайтқыш құрамын қолдану өте қолайлы болатыны көрсетілді.
Түйін сөздер: қоспа, қалып, қасиеттері, қыздыру, металл, ыстыққа төзімділік.