Тақырыбы: Мысты-қорғасынды штейндерді конвертерлеу: алтын мен күмістің шлакпен жоғалымы
Авторлар: Досмұхамедов Н. К., Арғын А. А., Жолдасбай Е. Е., Құрмансейтов М. Б.
Түйіндеме: Шлак пен шаңның қатты сынамаларын элементтік талдауынан, рентгенді фазалық талдауынан және минералогиялық зерттеулерінен тұратын кешенді зерттеулердің негізінде мыс, қорғасын және асыл металдардың табылу түрлерінің сандық қатынасы, конвертерлеу өнімдерінің арасында алтын мен күмістің бөлініп таралу механизмі анықталынды. Мысты-қорғасынды штейнін конвертерлеу кезінде алтын мен күмістің жоғалуы олардың шлак пен шаң арасында қайта бөлініп таралуымен байланысты екендігі көрсетілген. Шлактармен және шаңдармен алтынның жоғалуы олардағы мыстың механикалық жоғалымымен байланысты екендігі орнатылды. Шлактағы күмістің жоғалымы ондағы қорғасынның мөлшерімен анықталады. Конвертерлеу өнімдерінің құрамын математикалық өңдеу нәтижесінде жұптық корреляциялық регрессия теңдеуі құрылды. Теңдеу шлактағы алтынның жоғалымын ондағы мыстың механикалық жоғалымына тәуелділігін жоғары корреляция коэффициентімен (r = 0.92) сипаттайды. Шлактағы мыстың механикалық жоғалымы 0,5-тен 0,95% -ға артуы шлакта алтынның 1,5 еседен астам өсуіне әкеледі. Шаңда мыстың сульфидті мөлшері 1,5-нан 3 %-ға дейін артқан кезде шаң құрамында алтынның мөлшері 2-ден 7%-ға дейін артады. Күміс қорғасынмен өте тығыз байланысты. Шлактағы қорғасынның мөлшері 17-ден 25% -ға дейін жоғарылауы оның құрамындағы күмістің мөлшерін 100-ден 150 г / т-қа дейін арттырады. Мыс-қорғасынды штейндерді конвертерлеу процесі кезінде мыс пен қорғасынның шлакпен жоғалымын мейлінше азайту шараларын қарастыру қажет, бұл олардың құрамындағы алтын мен күмістің мөлшерін азайтады және қаралы мысқа бөліп алуын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Алтынның жоғалымын азайту үшін, бір жағынан, мыстың шлакпен механикалық жоғалымын азайту, екінші жағынан, мысты-қорғасынды штейндерінің конвертерлеу жағдайында шаңның шығымын азайту қажет.
Тақырыбы: Кентіректер мен кенүңгірлердің орнықтылығына әсер ететін факторларды анықтаудың математикалық моделі
Авторлар: Тутанов С. К., Тутанов М. С., Тутанова М. С.
Түйіндеме: Бұл мақалада кентіректер мен кенүңгірлер айналасындағы тау жыныстары массивінің кернеулі-деформациялық күйінің параметрлерін және олардың орнықтылығына әсер етуші факторларды анықтау бойынша жүргізілген зерттеулер келтірілген. Кентіректер мен кенүңгірлер маңайындағы массивтің вертикаль қимасы қарастырылған. Есептеу сұлбасы (схемасы) ретінде жазық деформация күйіндегі тік бұрышты жазықтық алынған. Ол сәйкес шекаралары бар үшбұрышты элементтер арқылы бөлінген. Нәтижесінде геологиялық және тау-кен факторларына тәуелді кентіректер мен кенүңгірлер орнықтылығының көп факторлы математикалық моделі алынған. Алынған формула арқылы көп факторлы модель үшін кентіректер мен кенүңгірлер орнықтылығына әсер ететін факторларды табуға болады. Алынған тәуелділік қажетті мәнді анықтауға мүмкіндік береді.
Тақырыбы: Қорғасынды қойырпақтан ренийді бөліп алу үрдісін зерттеу
Авторлар: Бердіқұлова Ф. А., Ихласова А. Т.
Түйіндеме: Мақалада қорғасынды мыс өндірісінің қорғасынды қойыртпағынан ренийді бөліп алу мақсатында тотықтырып күйдіру үрдісінің зерттеулері көрсетілген. Тотықтырғыш ретінде кальций гипохлориті таңдалынды, кальций гипохлориті әрі төмен валентті рений қосылыстарын тотықтырады, әрі рений оксидтерімен әрекеттесіп кальций перренатын түзуге қатысады. Күйдіру үрдісінің оңтайлы жағдайлары анықталды: күйдіру температурасы 500-600 °С, күйдіру ұзақтығы 30-60 минут, тотықтырғыш шығыны қойыртпақ массасынан санағанда 20-40%. Термиялық және эксперименттік зерттеулер нәтижесінде рений қосылыстарының тотығуы кальций гипохлоритінің ыдырауынан кейін 180-260 °С-де басталатыны, 500-600 °С-де толығымен кальций перренатты қосылысына өтетіні анықталды. Күйдіріндіні Қ:С=1:3 ара қатынасы, 70 °С-де, 60 минут уақыт аралығында сумен шаймалағанда құрамында 546 мг/л ренийі бар ерітінді алынды. Ренийдің ерітіндіге бөліну дәрежесі 93-94 %-ды құрайды.
Тақырыбы: Биототықтыруды қолдана отырып алтынды флотациялық қалдықтардан ерітінділеудің гидрометаллургиялық әдісін зерттеу
Авторлар: Қойжанова А. Қ., Тоқтар Г., Грейг Э. Бэнкс, Магомедов Д. Р., Құбайжанов А. A.
Түйіндеме: Мақалада алтынды техногендік флотация қалдықтарынан агитациялық цианидтеу әдісімен алудың және алдын ала биототықтыру әдісімен алудың салыстырмалы зерттеу нәтижелері келтірілген. Флотациялық қалдықтардың үлгісі «Алтынтау Көкшетау» ЖШС алтын өндіру фабрикасынан алынды. Тексерілген сынамада 0,47 г / т Au және 0,62 г / т Ag бар екендігі анықталды. 80% 0,071 мм ірілік класындағы (фракциясындағы) флотация қалдықтарынан алтынның алыну деңгейі 50% құрайды, ал 90% 0,071 мм фракциясында 60% құрайды. 0 – 0,044 мм фракциясына дейін ұнтақталған алтын өндіретін фабриканың флотациялық қалдықтары натрий пероксидімен алдын ала тотықтырылды. Қатты заттың сұйыққа қатынасы 1:4 және цианид концентрациясы 1 г / дм3 болғанда флотация қалдықтарының ірілігі 0,044 мм 90% фракциясынан алтынның алыну дәрежесі 65,2% құрайды. Тионды дақылдардың белсенді штамдарын қолданғанда алтынның алыну деңгейі 72,1% құрады.
Тақырыбы: Өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу кезінде атмосфераға көмірқышқыл газының шығарылуын азайту туралы
Авторлар: Диханбаев Б. И., Диханбаев А. Б.
Түйіндеме: Минералдық шикізат пен қазбалы отынды пайдаланатын адамзаттың өндірістік белсенділігі техногендік қалдықтар мен көмірқышқыл газының шығарындыларын тұрақты түрде арттырып келеді. Бұл факторлар өз кезегінде топырақтың, ауаның ластануына және жер атмосферасының температурасының жоғарылауына әкеледі. Бұл мақалада қожды қалдықсыз өңдеудің және балқыту қондырғысының шығарылған газдарындағы көмірқышқыл газын минимизациялау әдісін іздеудің мысалдары қарастырылады. Бұл мәселені шешуде энергияны максималды үнемдеудің негізгі ережелері қолданылды: 1) жоғары өнімді балқытатын қондырғыны таңдау; 2) атмосфераға көмірқышқыл газының шығарылуын болдырмайтын технологияны қалыптастыру; 3) өндірістік қалдықтарды энергия үнемдейтін, қалдықсыз, экологиялық таза өңдеудің жылу схемасын әзірлеу. Құрылған «фазаларды инверсиялау реакторы-айналмалы пеш» энергия үнемдейтін қондырғының негізінде құрамында мырыш бар қожды қалдықсыз өңдеудің жылу схемасы жасалды. Реактордан шығатын газдағы «CO2, H2O»-ні мырыш буларымен «CO, H2»-ге дейін тотықсыздандыру ұсынылады. Алынған артық сутегі мырыш дистилляторында қалыптастырғыш ретінде қызмет ететін элементарлы көміртекті СО-дан ығыстырып шығару үшін қолданылады. Іске асырылған жағдайда, аталмыш жүйе қалдықтарды кешенді өңдеуге, атмосфераға СО2 шығарындыларын 50%-ке дейін азайтуға және процесте нақты отын шығынын бес есе азайтуға мүмкіндік туғызады.
Тақырыбы: Қорғасын тозаңдарын агитациялық ерітінділеу процесінде алынған ерітінділерден сұйық экстракция әдісімен мыс алу
Авторлар: Алтайбаев Б.Т., Хабиев А.Т., Байгенженов О.С., Буленбаев М.Ж., Туран М.Д.
Түйіндеме: Жұмыста сульфатты ерітінділерден мысты сұйықтықтық экстракция және реэкстракциялау бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Құрамында қорғасынның 38 % - дан астамы, темірдің 2,4% - ы, мырыштың 3 % - ы, мыстың 3,5 % - ы, 0,7 % мышьяк және тағы басқалар бар бұл ерітінділер Жезқазған мыс балқыту зауытының техногендік қалдықтары болып табылады және құрамында бағалы компоненттері бар қорғасын шаңдарын күкірт қышқылымен агитациялық ерітінділеу кезінде алынды. Қорғасын шаңдарын кәдеге жарату арқылы қосымша тауарлық өнім алынады және зауыттың орналасқан ауданының экологиялық ортасы жақсарады. Сондай-ақ, мақалада мысты сұйықтықтық экстракция және реэкстракциялау процестерінің материалдық балансының нәтижелері келтірілген.
Тақырыбы: Ірілендірілген-зертханалық жағдайда тотыққан мыс кенін байыту үшін түрлендірілген реагентті сынау
Авторлар: Өскембеков И. М., Буркітсетерқызы Г., Ақубаева М. А., Гизатуллина Д. Р., Жүнісов E. М.
Түйіндеме: Мыс өнеркәсібінің кендік базасының сарқылуына байланысты шикізаттың орнын толтыру мәселесі туындайды. Осыған байланысты тотыққан мыс кендерін өңдеуге тарту өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу жұмысында Балқаш аймағының алдын ала сульфидтелген тотыққан мыс кенін түрлендірілген реагентпен флотациялық байыту технологиясының ірілендірілген-зертханалық масштабта жүргізілген сынақтарының нәтижелері көрсетілген. Тотыққан мыс кені флотациясының негізгі, бақылау және қайта тазарту жұмыстарының (операцияларының) кинетикасын зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілді. Алынған нәтижелер негізінде өндірілген мыстың жұмыс ұзақтылығына тәуелділік графиктері тұрғызылды. Түрлендірілген реагентпен кенді алдын-ала сульфидтеу стехиометриялық талап етілетін мөлшердің 20% тұтынғанда, құрамында 21% құрайтын флотациялық мыс концентратын алуға және 85% мыс алуға болатындығы анықталды.
Тақырыбы: Ультрадыбыстық диспергирлеу әдісімен алынған ультрамикрогетерогенді флотореагент эмульсиясының тұрақтылығын зерттеу
Авторлар: Есенгазиев А. М., Барменшинова М. Б., Билялова С. М., Муханова А. А., Мухамедилова А. М.
Түйіндеме: Жанажол кен орны мұнайы мен бутил ксантогенатынан (БКс) келесідей қатынастарда: мұнай : БКс = 1:1; мұнай : БКс = 2:1; мұнай : БКс = 4:1 алынған ультрамикрогетерогенді флотореагент микроэмульсиясының тұрақтылығын зерттеудегі нәтижелер келтірілген. Ең жоғарғы тұрақтылыққа, мұнай: БКс = 4:1 қатынасындағы микроэмульсия ие екені анықталды және 120 сағаттық ұсталым кезінде тұрақтылық 99,3% құрады. Ультрадыбыстық диспергирлеу (УД) барысында түзілген глобулаларға, бутил ксантогенаты мен мұнай құрамындағы табиғи эмульгаторлар симбиозінің эмульгациялық әсері анықталған. 250 Вт қуаттылықта 10 мин мерзімде ультрадыбыстық өңдеу барысында, глобулалардың орташа өлшемі 123,4 нм құрайтын микроэмульсиялар алынған. Ультрадыбыстық өңдеу ұзақтығының 10 минуттан астам уақытқа ұлғаюуы алынған ультрамикрогетерогенді реагент микроэмульсияларының тұрақтылығына айтарлықтай әсер етпейтіні көрсетілген.
Тақырыбы: Механохимиялық әрекеттесу арқылы гидроксиапатиттен жабындылар алу
Авторлар: Мамаева А. Ә., Кенжеғұлов А. Қ., Паничкин А. В., Шах А.
Түйіндеме: Газ-динамикалық бүрку әдісімен гидроксиапатитті жалатудың жаңа қарапайым әдісі жасалды. Газ-динамикалық бүрку әдісімен гидроксиапатит пен титанның механохимиялық өзара әрекеттесуінен кейін ВТ1-0 маркалы титанда гидроксиапатит жабындылары алынды. Олардың фазалық құрамы, беткі морфологиясы және кедір-бұдырлығы келтірілген. Гидроксиапатиттің беткі қабатының морфологиясы борпылдақ құрылымға ие болды. Гидроксяпатиттің титан негізімен өзара әрекеттесуін зерттеу үшін жабындардың көлденең қималары зерттелді. Жабындылардың қалыптасуы негізінен титан төсенішінің ойықтарында жүретіні көрсетілді. Гидроксиапатит жабындыларының кедір-бұдырлық параметрін Rа зерттеу нәтижесінде алынған үлгілердің бірдей шектерде екендігі анықталды. Бұл деректер адамның ең жақсы остеогендік қасиеттерін көрсететін жасанды беттердің кедір-бұдырлығының оңтайлы шегінде (Ra = 2-3 мкм) жатыр. Фазалық құрамның нәтижелері бойынша жалатудан кейін гидроксиапатит қабаты құрамының айтарлықтай өзгеруіне ұшырамайтындығы анықталды, бұл биомедициналық қолдану үшін маңызды.
Түйін сөздер: жабынды, ұнтақ, титан, гидроксиапатит, имплантат, газ-динамикалық жалату, шүмек, құм төгу арқылы өңдеу.
Тақырыбы: Түрлендірілген сорбенттермен уран алу
Авторлар: Абдикерим Б.Е., Кенжалиев Б.К., Суркова Т.Ю., Дидик Н., Беркинбаева А.Н., Досымбаева З.Д., Умирбекова Н.С.
Түйіндеме: Құрамында уран бар шикізатты гидрометаллургиялық өңдеу кезінде сұйық техногендік қалдықтардың едәуір бөлігі - жоюды қажет ететін қалдық ерітінділері пайда болады. Сорбция сұйық заттарды ластанған радионуклидтерден тазартуға арналған тиімді рецепторлардың бірі болып табылады. Табиғи сорбенттерді қолдану және олардың сорбциялық қабілетін арттыру үшін модификациялар жасалуда. Авторлар табиғи алюмосиликатты және көмір-минералды шикізатты модификациялау әдістерін ұсынды. Зерттеуге Қосмұрынның цеолиті және Коксудың шунгит кен орындары таңдалды. Зерттеу әдіс қатты фазалы экстрагенттерді алу әдісіне негізделген. Табиғи сорбенттерді керосин құрамындағы трибутилфосфат пен ди2-этилгексилфосфор қышқылының қоспасымен, сондай-ақ фосфор қышқылы мен полиакриламид қоспасымен модификациялау ұсынылады. Бірінші әдіс цеолит үшін, ал екінші әдіс шунгит үшін қолайлы екендігі көрсетілген. Модификацияланған сорбенттердің сорбциялық қасиеттері статикалық және динамикалық режимдерде зерттелді. Уранның сорбциялық изотермалары сызылған. Сорбцияның максималды қабілеті мен Лангмюр константасы есептелді. Шунгит, глицидилметаакрилат, ортофосфор және оксиэтилдифосфор қышқылдары гидроксетиліне негізделген органополимер синтезделді. Оның сорбциялық қасиеттері динамикалық режимде зерттелген. Оның сорбциялық қабілетін бағалау модификацияланған табиғи сорбенттермен салыстырғанда берілген.