«Ғылымның өзекті мәселелері» атты Халықаралық практикалық интернет- конференция материалдары
ISSN 2707-9481, ISBN 978-601-323-207-2, Басылым I, 22-қараша 2018
Атауы | ПЕДАГОГ-ДЕФЕКТОЛОГ ИМИДЖІЛІК ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
Автор |
Қошжанова Гулшат 6D010500, PhD 2-курс докторанты Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы E-mail: gulshat8@inbox.ru ORCID ID 0000-0002-2905-8164 |
Аннотация | Бұл мақалада педагог дефектологтың имиджін құру үшін ең алдымен имиджелогия құралдарын қолдану аспектілерін қарастыру керек, үздіксіз өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру, іске деген шығармашылық және жауапкершілік қатынасымен анықталады. Бүгінгі таңда заман талабына сай қоғамның әр түрлі экономика, мәдениет, білім, т.б. салаларында даму да қарқынды жүруде. Осыған орай қазіргі педагог имиджіне қойылар талап та күн сайын арту үстінде. Сондықтан да қазіргі уақытта оқу үрдісінде оқытушы үшін әр түрлі педагогикалық қиыншылықтарды жеңу былай тұрсын, студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынасты (коммуникация) орнату да маңызды болып табылады. |
Атауы | ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ДАЙЫНДАУҒА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘНІ |
Автор |
Абилова Гулмира 6D010300, PhD 2-курс докторанты Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы E-mail: nurila.zhenis@mail.ru ORCID ID 0000-0002-8591-1916 |
Аннотация | Мақалада қазіргі кезеңдегі университеттік білім беру процесінде жастарды өздігінен жүзеге асыру мәселесі. Өзін-өзі жүзеге асырудың негізгі компоненттері және олардың әр түрлі жоғары оқу орындарының студенттері арасында өлшеу деректері қарастырылады. Жоғары оқу орнында тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесі бүгінгі күні өзекті болып табылады, бұл жоғары білім беру ортасының студенттік жастарға әсері. Бұл тұрғыда біз университеттің оқу үрдісі студенттерге болашақ мамандығы мен мәдениетінде өзінің субъективті мағыналы имиджін қалыптастыруға, осы тұлғаның жеке потенциалын қалыптастыру барысында студенттердің қозғалысын жеңілдету үшін академиялық және кәсіптік пән ретінде қажетті жағдай жасауға тиіс деп есептеймін. |
Атауы | ЭНЕРГИЯ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ ТЕОРИЯСЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС |
Автор |
Касимова Улдана Куралбаевна, э.ғ.м.,инспектор Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Алматы, Қазақстан Республикасы ORCID ID 0000-0002-0675-2356 E-mail: ulydana@mail.ru Джумагалиев Руслан Төраға, Қ. Мандоки атындағы «Қазақ тілі қоғамы» РҚБ Атырау, Қазақстан Республикасы |
Аннотация | Бүгінгі таңда жылу-энергетикалық қордың анықталуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл біздің планетамыздағы демографиялық көрсеткіштердің өсуімен тығыз байланысты. Жұмыстың негізгі мақсаты мұнай мен көмір кенорындарының пайда болу жолдарын өзеңдердің геологиялық әрекетінен, яғни түбектерге, каньондарға, үңгірлер мен апандарға, батпақтарға, ормандарға және сарқырамаларға ізденіс жұмыстарын жүргізе отырып жаңа көзқарас ұсыну. Бұл ғылыми еңбек жоғарыда атап өтілген зерттеулердің негізінде жасалған, яғни мұнай мен көмір кенорындарының пайда болуы дұрыс, теріс және аралас өзендердің геологиялық әрекетімен байланысты жаңа теориямен тереңінен танысуға мүмкіндік беріп отыр. |
Атауы | МҰНАЙ-ТОТЫҚТЫРҒЫШ БАКТЕРИЯ ШТАМДАРЫНЫҢ ФЕНОЛДЫ ЫДЫРАТУ ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУ |
Автор |
Спанкулова Гульжан PhD докторант және ғылыми қызметкер ЖШС «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» Қазақстан Республикасы 050010, Алматы қ., Бөгенбай батыр көшесі 105 E-mail: gulzhan_aspan@mail.ru ORCID ID 0000-0002-0363-2690 |
Аннотация | Мақалада мұнай тотықтырғыш штамдардың хош иісті көмірсутектерді (фенол) белсенді деструкциялау қабілеттері зертеу туралы жазылған. Зерттеліп отырған штамдар 0,3 г/л фенолды толық деструкциялайтыны анықталды. |
Атауы | ӨЗДІГІНЕН ТЫҒЫЗДАЛАТЫН БЕТОН ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ |
Автор |
Әнуәрбекова Құралай Ержанқызы, Магистрант Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университеті, Өскемен қ-сы, Қазақстан Республикасы Е-mail: a.kuralai.95@mail.ru ORCID ID 0000-0002-9989-2904 |
Аннотация | Бұл мақалада өздігінен тығыздалатын бетонның құрылыс саласында қолданылуы көрсетілген, себебі бұл бетонның физика-механикалық көрсеткіштері жоғары және болашағы зор. |
Атауы | ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТАҒЫ КӨЛІК ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІН АНЫҚТАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ |
Автор |
Оралбекова Аяулым, Докторант PhD Қазақ қатынас жолдары университеті Алматы қ. Казақстан Республикасы E–mail: ayaulym83@mail.ru ORCID ID 0000-0002-4030-0740 |
Аннотация | Жоғары жылдамдықты темір жол көлігі жүйелерінің сенімділігі мен істен шықпауын арттыру сегментіндегі көптеген зерттеулер ЖЖТК-нің жылжымалы құрамының, сондай-ақ инфрақұрылымның техникалық объектілерінің жай-күйін бағалаудың ұтқыр диагностикалық кешендерін құруға және енгізуге бағытталған. |
Атауы | ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ |
Автор |
Есенбаева Жанар, Магистр Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістан, Қазақстан Республикасы E-mail: Esenbaeva.J@mail.ru ORCID ID 0000-0002-7737-548X |
Аннотация | Су қоймасы тек жергілікті төңіректе ғана емес бүкіл табиғат кешеніне де өте үлкен өзгерістер енгізеді. Ол климатты жұмсартып, қоршаған орта нысандарына экологиялық ықпал етеді. Мақалада Түркістан облысына қарасты Қошқорған, Ермакөзен және Шерт су қоймаларының экологиялық жағдайы сипатталған. Су қоймаларының маусымдық су баланстары, Түркістан облысының климаттық көрсеткіштері берілген. |
Атауы | АЗАМАТТАРДЫҢ ЖИНАЛУ БОСТАНДЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ САЛАСЫНА ҚАТЫСУ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ |
Автор |
Немеребаева Айгерим, РhD Казақ Гуманитарлық Заң Университеті Астана, Қазақстан Республикасы E-mail: aigerim_nm@mail.ru ORCID ID 0000-0002-2789-8530 |
Аннотация | Адам өз саяси құқықтарын пайдалану арқылы ғана мемлекеттік басқару ісіне арласа алады. Саяси құқықтардың ішінде азаматтардың жиналу бостандығына халықаралық деңгейде көп зерттеулер жүргізілуде. Бұл мақалада азаматтардың жиналу бостандығы, яғни бейбіт жиналыстар, митингілер, демонстрациялар ұйымдастыру құқықтары туралы жазылған. Азаматтардың саяси құқықтарына арналған халықаралық құжаттарға, ҚР заңнамаларына сипаттама жүргізе отырып, азаматтардың жиналу бастандығына түсініктеме берілген. Сонымен қатар, Польша, Украина, Турция мемлекеттеріндегі нақты құқыққа арналған конституциялық нормаларға салыстырмалы анализ жасалды. |
Атауы | БИЛЕРДІҢ ЕЛ БАСҚАРУ МӘДЕНИЕТІ |
Автор |
Төкен Абзал, Mагистрант Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Семей, Қазақстан Республикасы E-mail: abzaltnf@mail.ru ORCID ID 0000-0002-9827-0388 |
Аннотация | Мақалада билер институтының қазақ қоғамындағы басқару функциясы жайлы баяндалады. Билер институты қазақ даласында саяси-құқықтық мәселелерді шешудегі және қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуде маңызды рөл ойнаған. Билердің негізгі ерекшелігі қарапайым халық пен ақсүйектер ортасының теңдегін ұстаған, демократияның негізін насихаттаушылар болғаны туралы баяндалады. |
Атауы | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТЫ |
Автор |
Данилова Д. Б , Жұмашева А. Д. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Құқықтану» мамандығының 2 курс студентері, Қызылорда қаласы Қазақстан Республикасы E-mail:diana_danilova2000@mail.ru, azhumasheva0027@gmail.com Ғылыми жетекші: Жумагулова Шолпан Рустемқызы «Құқықтану» кафедрасының аға-оқытушысы,з.ғ.қ |
Аннотация | Терроризм күресу туралы заңдары талқыланды. Террористік қауіп-қатердің жол бермеу мақсатында арнайы кешенді іс-шаралар қарастырылды. Террористік қауіп-қатерлердің алдын алу түрлері мен әдістерін жетілдіру жолдары талданды. Бұл қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі дәлелденді. |
Атауы | ОН АЛТЫ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН АДАММЕН ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС НЕМЕСЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ БАСҚА ДА ӘРЕКЕТТЕРІ |
Автор | Бақытбекова Сабира Бақытбекқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті,Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы E-mail: s.bakytbek@inbox.ru ORCID ID 0000-0001-9153-1680Ғылыми жетекші: Жумагулова Шолпан Рустемқызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Құқықтану»кафедрасының аға-оқытушысы,з.ғ.қ E-mail: jumagulova_sholpan@mail.ru ORCID ID 0000-0002-2033-6260 |
Аннотация | Бұл мақала қазіргі кезеңдегі ең актуалды мәселе болып отырған кәмелет жасы толмаған жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушілігіне қолсұғушылық мәселелері қарастырылған. Жыныстық қабілеттің жетілу жылдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең. Бұл кезде жастарда жаңа түйсік, жаңа тілектер пайда болады, намыс сезімі өсе түседі. Осындай өмірдің кезеңінде олар жыныстық қол сұғылмаушылығына қауіпті зиян келтіреді,сондай-ақ кәмелет жасына толмаған адамдардың адами және психикалық дамуына, олардың бітім-болмысы мен жан-дүниесінің дамуына, тиісті деңгейде қалыптасуына, қоғамдағы адами көзқарастарына теріc ықпалын тигізеді. |
Атауы | АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУШЫ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАҒАЛАУ |
Автор |
Есбенбетова Жанат Халыковна «Қазақстан Республикасы Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК Кәсіби тәуекелдерді зерттеу зертханасының басшысы Жаратылыстану ғылымдарының магистрі. Астана қ., Қазақстан Е-mail: nauka@rniiot.kz ORSID ID: 0000-0002-3966-327X |
Аннотация | Мақалада автомобиль көлігімен жүк тасымалдаушы кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек жағдайларына, соның ішінде кәсіби тәуекелдерге байланысты олардың ағзасының функционалдық жай-күйіне жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып нақты бағалау нәтижелері ұсынылған. |
Атауы | МЕТАЛЛӨНІМІНІҢ САПАСЫН САЛЫСТЫРУ |
Автор |
Оразбаев Кайрат, Магистрант Қарағанды мемелекеттік техникалық университеті Қарағанды, Қазақстан Республикасы E-mail: mario.sancez@mail.ru ORCID ID 0000-0001-7789-6173 |
Аннотация | Кеуекті металлөнімін алу қазіргі таңда металлургия саласында өзекті мәселе болып саналады. Мақалада әртүрлі зауыттарда алынған кеуекті металлөнімінің сапасы салыстырулар қортындылары келтірілген. |
Атауы | КЛИЕНТТЕР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ВЕБ-БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ |
Автор |
А.А. Исмаилова, PhD ORCID ID 0000-0002-8958-1846 E-mail: a.ismailova@mail.ru О.А. Покусай, Магистрант ORCID ID 0000-0001-9762-2372 E-mail: olga_270695@mail.ru А.Е Өмірбай, Магистрант ORCID ID 0000-0002-1877-7905 E-mail: assylzat96@mail.ru С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Астана Қазақстан Республикасы |
Аннотация | Әлем интернеттің, мобильді байланыстың, қосымшалардың пайда болуымен дами түсуде және call-tracking де дамып келеді. Бұл мақалада call-tracking ұғымының жан-жақты түсінігі, сонымен қатар оның үлкен танымалдылығы, ролі және қолданылуы қарастырылған.Жұмыста берілген технологияның компаниялар арасында қолданудың басты артықшылықтары қарастырылған. Ресейдегі компанияның call-tracking қолдануының нақты мысалы сипатталған. Толық сипаттамасы келтірілген. |
Атауы | ZNO:EU ЖҰҚА ҮЛБІРШЕКТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ |
Автор |
Кемелбекова Айнагуль Ержановна, PhD Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ КЕАҚ Қазақстан, Алматы қ. E-mail: a.kemelbekova@mail.ru ORCID 0000-0003-4813-8490 |
Аннотация | Мақалада әртүрлі технологиялық әдіспен алынған ZnO:Eu жұқа үлбіршектерінің құрылымдық қасиеттері қарастырылды. Магнетронды тозаңдату, газдық фазадан химиялық отырғызу және гидротермальды отырғызу әдістерінің негізінде алныған үлгілер талданды. |
Атауы | КӨППАРАМЕТРЛІ ДАТЧИКТЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮРЛЕНДІРГІШТЕРДІ ЖОБАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
Автор |
М. М. Даужанова, Магистрант Р. З. Сулейменова т. ғ. к. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Астана, Қазақстан Республикасы E-mail: maira777_86@mail.ru ORCID ID 0000-0001-5195-7177 |
Аннотация | Қазіргі таңда замануи көп параметрлі датчиктер құрылымы және алдыңғы қатарлы болып микроэлектрондар, құрылымы мен қалыптасуы бойынша көптеген өзара байланыстағы жүйелер мен ішкі жүйелерден, құрылым мен элементтерден құралатын күрделі нысандардан тұрады. Осыған байланысты микроэлектронды датчиктерді әзірлеу кешенді жүргізілуі қажет, оның барлық деңгейлерін қамту керек, төменгі деңгейден: элементтері мен құрылымынан бастап, жоғары деңгейден өлшеу. |