Конференциялар

Құрметті әріптестер!

«Ғылымның өзекті мәселелері»Халықаралық практикалық интернет- конференциясына материалдар мен өтініштерді қабылдау ашық екенін жариялаймыз! Конференция ғылыми жетістіктер мен ғылымды дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша кең пікір алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған. Авторлардың шығармашылық зерттеулерінің нәтижелері электронды форматта жинақ ретінде жарияланады. Конференция материалдарын CrossRef (АҚШ), e-libray.ru (Ресей) және ISSN 2707-9481 (ROAD, Франция) арқылы ғылыми ресурстарға ашық қол жетімділік каталогы индекстейді. ROAD, ЮНЕСКО-ның байланыс және ақпарат секторының қолдауымен, конференция материалдарына Creative Commons-пен лицензияланған ақысыз қол жетімділікті бүкіл әлем бойынша ұсынады.

Партнеры

Өткізілетін күні 22-қараша 2020 ж.


Конференцияның бағыттары:

Техника ғылымдары

Педагогика ғылымдары

Биология ғылымдары

Физика-математика ғылымдары

Медицина ғылымдары

Химия ғылымдары

Тарих ғылымдары

Экономика ғылымдары

Психология ғылымдары

Филология ғылымдары

География ғылымдары

Заң ғылымдары

Философия ғылымдары

Саяси ғылымдар

Әлеуметтік ғылымдар

Фармацевтикалық ғылымдар

Сәулет өнері

Өнертану

Ауылшаруашылық ғылымдары

Әскери ғылымдар

Жер туралы ғылымдар

Геология-минералогия ғылымдары

Ветеринарлық ғылымдар

Мәдениеттану


Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және т.б.

Ғылыми материалдарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2020 жылдың 15 қарашасы

Өткізу нысаны: электрондық форматта

Қатысу үшін 2020 жылдың 15 қарашасына дейін:

Баяндаманың (мақаланың) мәтінін дайын шаблонға салып (мұндағы шаблонды қараңыз) және төлем туралы түбіртектің көшірмесін conference@kims-imio.kz электрондық поштаға жіберу қажет.

Ұйымдастыру жарнасы-әр автордан 5700 теңге (ҚР резиденттері емес үшін $15 USD).

Реквизиттер:

«Металлургия және кен байыту институты» АҚ (Алматы қ., Шевченко к-сі., Уәлиханов к-нің қиылысы, 29/133)

Бюджеттен тыс шот KZ428562203104701892 – ҚР авторлары үшін

Валюталық шот USD KZ308562203204701930 шетелдік авторлар үшін

«БанкЦентркредит» АҚ

БИК KCJBKZKX,

Банк Центр Кредит терминалы арқылы қадамдық төлем туралы нұсқаулық (тек Қазақстан үшін) StarBanking арқылы «Банк Центр кредит» АҚ (тек Қазақстан үшін)

Через терминал БанкЦентрКредит

ЖКХ, МКО И ПРОЧЕЕ

Другое

АО ИНСТИТУТ МЕТАЛЛУРГИИ И ОБОГАЩЕНИЯ

За публикацию материалов в сборнике конференций проводимых АО «ИМиО»

 

Через StarBanking БанкЦентрКредит

Платежи    —     Обучение   —   Другие виды обучения

АО Институт металлургии и обогащения

За публикацию материалов в сборнике конференций проводимых АО «ИМиО»

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР!

2020 жылдың 15 қарашасы – Конференцияға арналған баяндамаларды (мақалаларды) қабылдаудың аяқталуы

2020 жыл 22 қараша – интернет-конференция жабылуы (аяқталуы)

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:

Мекен-жайы:

050010, Алматы қ., Шевченко к-сі., Уәлиханов к-нің қиылысы, 29/133

«Металлургия және кен байыту институты» АҚ

Редакция телефоны: 8 (727) 298-45-19

E-mail: conference@kims-imio.kz


МАТЕРИАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Баяндаманың мәтіндері 2020 жылдың 15 қарашасына дейін кез-келген үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын және т.б.) conference@kims-imio.kz электронды поштасында MS Word форматында тіркелген файлмен қабылданады. Шрифт - Times New Roman бір аралықты интервалмен. Баяндаманың көлемі А4 (210×297 мм) форматындағы 5 беттен аспауы керек. Бет параметрлері: барлық жағынан – 20 мм. Мәтін ені бойынша туралануы керек. Графиктер мен сызбалар анық және jpg кеңейтімі бар, формулалар формуланы өңдеуші арқылы беріліп, мәтінде орналастырылуы қажет. Әдебиет сілтемелері тік жақшаларда көрсетілуі керек, кем дегенде 1 әдеби анықтама осы жылғы болуы шарт.

Металлургия және кен байыту институты Crossref объектілерін сәйкестендіру үшін халықаралық сандық кітапханалар бірлестігінің мүшесі болып табылады. Конференция материалдарында жарияланған барлық баяндамалар Crossref арқылы DOI тағайындалады.

DOI Интернеттегі түрлі сайттарда орналастырылған ғылыми деректер көздерін іздеуге мүмкіндік береді (www.researchgate.net, www.orcid.org, www.crossref.org, www.google.com) және зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз етеді.

Конференция материалдарын интернетте орналастыру үшін, баяндаманың әр авторы үшін 16 таңбалы ORCID коды көрсетілу қажет. Код болмаған жағдайда www.orcid.org сайтында тіркелу керек, тіркелу 1 минутқа созылады.

Мақаланың атауы, авторлардың ТЖӘ, түйінді сөздер, түйіндеме екі тілде – ағылшын және орыс тілдерінде (баяндама орыс тілінде болған жағдайда), ағылшын және қазақ тілдерінде (егер баяндама қазақ тілінде болған жағдайда), ағылшын және қазақ тілдерінде (ағылшын тілінде болған жағдайда) берілуі тиіс.

Мақала түйіндеме, түйін сөздер, мәтін және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұруы қажет.

Ұйымдастыру комитеті талаптарға сәйкес келмейтін баяндамаларды қабылдамауға құқылы. Авторлар баяндамалардың мазмұны үшін жауапты. Егер ғылыми жұмыс 5 беттен асса, ұйымдастыру жарнасы оның көлеміне байланысты өзгереді.